- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Жеті спортшы...
Инчхон-2014. Жеті спортшы із-түзсіз жоғалып кеткен
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVII Азия ойындары кезінде жеті спортшы өз ұлттық құрамаларын тастап кеткен. Бұл іспен қазіргі таңда жергілікті полиция қызметкерлері айналысып жатыр.
Непал, Шри-Ланка, Бангладеш және Палестина елінің спортшылары Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс жасау үшін қалып қойған көрінеді. Ал олардың визасының мерзімі 19 қазан күні бітеді. Оған дейін елден кетпесе, іздеу жариялап, кері қайтаратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Корея мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырған жоқ. 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарында да 16 спортшы осы елде заңсыз қалып қойған болатын. Кей деректерде 90 спортшы деген де ақпараттар бар.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: kazsport.kaztrk.kz
О. Сансызбай