- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Ел қоржынына...
Инчхон-2014. Ел қоржынына екі қола түсті
Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының алтыншы күнінде ерлер арасында винтовкадан оқ атудан және нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.
50 метр қашықтықтан жатып ату жарысының командалық сайысында Юрий Юрков, Игорь Пирекеев, Ратмир Миндияров сынды споршыларымыз Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл сында қытайлықтар алтыннан алқа тақса, Оңтүстік Корея спортшылары күміс жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ, 10 метрден қозғалмалы нысананы көздеуден ерлер арасындағы командалық сайыста қазақстандық спортшылар 15-ші қоланы ел қоржынына салды.
Бұл сайыста Бақтияр Ибраев, Расим Молоғұлы, Андрей Гуров сынды спортшыларымыз жарыс жолына шыққан болатын.
Айта кетейік, Азия чемпионы атанған спортшы 10 мың доллар көлемінде сыйақы алса, екінші орын алған спортшыға 5 мың доллар беріледі. Ал, үшінші орынға ие болған спортшылар тиісінше 3 мың АҚШ долларына қол жеткізеді. Сондай-ақ олардың жеке бапкерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшері: І орын – 5 мың доллар; ІІ орын – 3 мың доллар; ІІІ орын – 2 мың долларын құрайды. Бұл тек мемлекеттік сыйақы. Бұған қоса конфедерацияның, әр федерацияның, аймақ басшыларының да өз алдарына бөлек сыйақы беретіндіктерін ескерте кетеміз.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 6 алтын, 7 күміс, 15 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz
Н. Айдархан