Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарынның үшінші күнінде қазақстандық дзюдошы Максим Раков күміс медальға ие болды. Ол финалда атақты моңғолиялық палуан Тувшинбаяр Найданға есе жіберді.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Максим Раков моңғолиялық палуаннан юко ұпайымен ұтылып қалды. Естеріңізге сала кетсек, Тувшинбаяр Найдан жуырда Челябинскте өткен Әлем чемпионатында Раковты ұтып кеткен еді. Сондай-ақ, моңғолиялық палуан 2008 жылы Бежің олимпиадасының финалында жерлесіміз Асхат Житкеевті жығып кеткен болатын.
Максим Раков алғашқы белдесуінде пәкістандық Хуссейн Шахты иппон әдісімен ұтса, жартылай финалда ирандық Джавад Махджубты 27 секундта жеңген болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшылар жарыстың үшінші күнінде тоғызыншы жүлдені қоржынға салды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, екі күміс, бес қола жүлде бар. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте алтыншы орында келеді.
Орын Елдер Алтын Күміс Қола Жалпы саны 1Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz