Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының жетінші күнінде қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медальді иеленді.
Дмитрий Баландин осылайша Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Ол осыған дейін 100 және 200 метрге жүзуден алтын алған болатын.
Бұл сында екінші орынды жапониялық Яшуиро Косеки еншілесе, қола жүлде үндістандық Сандееп Сежвалға бұйырды.
Бүгін Азия ойындарының жетінші күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 8 алтын, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: kazsport.kaztrk.kz