Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының тоғызыншы күнінде еркін күрестен Мамед Ибрагимов қол жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде үндістандық Сатьварт Кадьянды 3:0 есебімен жеңді.
97 келі салмақта белдескен жерлесіміз жартылай финалда қырғыз елінің палуаны Магомед Мусаевқа 1:3 есебімен жол берген болатын.
Бүгін Азия ойындарының тоғызыншы күні өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 9 алтын, 10 күміс, 19 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vk.com