- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Ел құрамасы Азия...
Ел құрамасы Азия ойындарының соңғы күні екі медаль еншіледі
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Жазғы Азия ойындарының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы екі медаль иеленді.
Каратэден 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Екатерина Хуповец финалда тайпейлік Цуи Пин Куден ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол финалға жетер жолда қырғызстандық Эльнура Камчибекованы мен пәкістандық Беништі, сондай-ақ, ирандық Назрин Доустиді жеңген болатын.
Ерлер арасында 84 келіде сынға түскен Халид Халидов қола жүлде үшін таласта түркіменстандық спортшы Айбек Юлдишовты 8:0 есебімен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Ел спортшылары былғы Азия ойындарында барлығы 84 медаль (28, 23, 33) жеңіп алып, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында 18 алтын, 23 күміс, 38 қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте 5-орыннан көрінген болатын.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz
Ш. Талап