Windows-тегі жұмысыңыздың одан да тиімді әрі жылдам болғанын қаласаңыз, тек тышқанды ғана емес, «жылдам батырмаларды» да қолдана білген жөн. «Жылдам батырма» деген не дерсіз? Ол – жұмысты жылдамдатуға әрі қысқартуға арналған пернелер комбинациясы. Мәселен, көп қолданылатын «Менің компьютерімді» Win + E пернелерін бір уақытта басу арқылы ашуға болады, алайда мұны көбісі біле бермейді. Сонымен назарларыңызға компьютерді пернетақта арқылы басқаруға болатын әдістерді ұсынамыз.
Ескерту
Win пернесі сол жақтағы Ctrl мен Alt-тің ортасында орналасқан (Windows эмблемасы бар перне)
Menu пернесі оң жақтағы Ctrl-дың сол жағында орналасқан.
Жалпы мақсатта қолданылатын жылдам батырмалар
Пернелер
Қызметтер
Ctrl + Esc
Win
«Пуск» (Start) менюін ашу
Ctrl + Shift + Esc
«Диспетчера задач» терезесін ашу
Win + E
«Менің компьютерімді» ашу
Win + R
«Бағдарламаны ашу» диалогын ашу (Run), «Пуск» — «Выполнить»-тің аналогы (мысалы, мұның көмегімен кез келген веб-сайтты ашуға болады)
Win + D
Барлық терезелерді жиыру
Win + F1
Windows анықтамасын ашу, «Пуск» - справка и поддержка»-ның аналогы
Win + Pause
«Свойства системы» (System Properties) терезесін ашу
Win + F
Файлдарды іздеу терезесін ашу
Win + Сtrl + F
Компьютерлерді іздеу терезесін ашу
Printscreen
Бүкіл экранның скриншотын жасау
Alt + Printscreen
Ағымдағы уақытта іске қосулы терезенің скриншотын жасау
Ctrl + A
Айырып алу, бәрін белгілеп алу (объект, мәтін)
Ctrl + C
Ctrl + Insert
Көшіру (объект, мәтін)
Ctrl + X
Shift + Delete
Кесу (объект, мәтін)
Ctrl + V
Shift + Insert
Қою (объект, мәтін)
Ctrl + N
Жаңа құжат, жоба, браузер немесе осы секілді әрекет жасау
Ctrl + S
Ағымдағы құжатты, жобаны және т.б. сақтау
Ctrl + O
Басқа бір құжатты, жобаны және т.б. ашу үшін таңдау диалогын ашу
Ctrl + P
Басып шығару
Ctrl + Z
Соңғы әрекеттен бас тарту
Мәтінмен жұмыс
Пернелер
Қызметтер
Ctrl + A
Бәрін белгілеу, айырып алу
Ctrl + C
Ctrl + Insert
Көшіру
Ctrl + X
Shift + Delete
Кесу
Ctrl + V
Shift + Insert
Қою
Ctrl + ←
Ctrl + →
Мәтіндегі сөздерге тоқталу. Тек мәтіндік редакторларда ғана жұмыс істемейді. Мәселен, браузердегі адрестік жолда да қолдануға болады.
Shift + ←
Shift + →
Shift + ↑
Shift + ↓
Мәтінді белгілеп алу
Ctrl + Shift + ←
Ctrl + Shift + →
Мәтінді сөздеп белгілеп алу
Home
End
Ctrl + Home
Ctrl + End
Мәтін жолының басына, соңына ауысу
Ctrl + Home
Ctrl + End
Құжаттың басына, соңына ауысу
Файлдармен жұмыс
Пернелер
Қызметтер
Shift + F10
Menu
Ағымдағы объектінің контексттік менюін көрсету (тышқанның оң батырмасын басқан секілді)
Alt + Enter
«Свойство объекта» терезесін ашу
F2
Объектінің атауын өзгерту
Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басып, тасымалдау
Объектіні көшіру
Ctrl + Shift-пен тышқанның
сол батырмасын басып, тасымалдау
Объектінің ярлығын жасау
Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басу
Қалаған бірнеше объектіні белгілеп алу
Shift-пен тышқанның сол батырмасын басу
Көршілес бірнеше объектіні белгілеп алу
Shift + Delete
Қайтара алмайтындай етіп жою
Терезелермен жұмыс
Пернелер
Қызметтер
Alt + Tab
Alt + Shift + Tab
Басқа терезеге ауысу менюін ашу және сол арқылы өзге терезелерге ауысу
Alt + Esc
Alt + Shift + Esc
Басқа терезеге ауысу (іске қосылған тәртіп бойынша)
Alt + F4
Ағымдағы уақытта іске қосулы терезені жабу. Жұмыс үстелінде Windows жұмысын аяқтау диалогын ашу
Alt
F10
Терезе менюін ашу
Esc
Терезе менюінен шығу немесе ашық диалогты жабу
Alt + Space
Терезенің жүйелік менюін ашу
F1
Қосымша жайлы анықтаманы ашу
Диалогтық терезелермен жұмыс
Перне
Қызмет
Ctrl + Tab
(вкладка) бойынша ілгері жылжу
Ctrl + Shift + Tab
(вкладка) бойынша артқа жылжу
Tab
Опциялар бойынша ілгері жылжу
Shift + Tab
Опциялар бойынша артқа жылжу
Автор: Ерғали Елдос
Сурет: ru.my-walls.net