Windows-тегі жұмысыңыздың одан да тиімді әрі жылдам болғанын қаласаңыз, тек тышқанды ғана емес, «жылдам батырмаларды» да қолдана білген жөн. «Жылдам батырма» деген не дерсіз? Ол – жұмысты жылдамдатуға әрі қысқартуға арналған пернелер комбинациясы. Мәселен, көп қолданылатын «Менің компьютерімді» Win + E пернелерін бір уақытта басу арқылы ашуға болады, алайда мұны көбісі біле бермейді. Сонымен назарларыңызға компьютерді пернетақта арқылы басқаруға болатын әдістерді ұсынамыз.
Ескерту
Win пернесі сол жақтағы Ctrl мен Alt-тің ортасында орналасқан (Windows эмблемасы бар перне)
Menu пернесі оң жақтағы Ctrl-дың сол жағында орналасқан.
Жалпы мақсатта қолданылатын жылдам батырмалар
| Пернелер | Қызметтер |
| Ctrl + Esc | «Пуск» (Start) менюін ашу |
| Ctrl + Shift + Esc | «Диспетчера задач» терезесін ашу |
| Win + E | «Менің компьютерімді» ашу |
| Win + R | «Бағдарламаны ашу» диалогын ашу (Run), «Пуск» — «Выполнить»-тің аналогы (мысалы, мұның көмегімен кез келген веб-сайтты ашуға болады) |
| Win + D | Барлық терезелерді жиыру |
| Win + F1 | Windows анықтамасын ашу, «Пуск» - справка и поддержка»-ның аналогы |
| Win + Pause | «Свойства системы» (System Properties) терезесін ашу |
| Win + F | Файлдарды іздеу терезесін ашу |
| Win + Сtrl + F | Компьютерлерді іздеу терезесін ашу |
| Printscreen | Бүкіл экранның скриншотын жасау |
| Alt + Printscreen | Ағымдағы уақытта іске қосулы терезенің скриншотын жасау |
| Ctrl + A | Айырып алу, бәрін белгілеп алу (объект, мәтін) |
| Ctrl + C | Көшіру (объект, мәтін) |
| Ctrl + X | Кесу (объект, мәтін) |
| Ctrl + V | Қою (объект, мәтін) |
| Ctrl + N | Жаңа құжат, жоба, браузер немесе осы секілді әрекет жасау |
| Ctrl + S | Ағымдағы құжатты, жобаны және т.б. сақтау |
| Ctrl + O | Басқа бір құжатты, жобаны және т.б. ашу үшін таңдау диалогын ашу |
| Ctrl + P | Басып шығару |
| Ctrl + Z | Соңғы әрекеттен бас тарту |
Мәтінмен жұмыс
| Пернелер | Қызметтер |
| Ctrl + A | Бәрін белгілеу, айырып алу |
| Ctrl + C | Көшіру |
| Ctrl + X | Кесу |
| Ctrl + V | Қою |
| Ctrl + ← | Мәтіндегі сөздерге тоқталу. Тек мәтіндік редакторларда ғана жұмыс істемейді. Мәселен, браузердегі адрестік жолда да қолдануға болады. |
| Shift + ← | Мәтінді белгілеп алу |
| Ctrl + Shift + ← | Мәтінді сөздеп белгілеп алу |
| Home | Мәтін жолының басына, соңына ауысу |
| Ctrl + Home | Құжаттың басына, соңына ауысу |
Файлдармен жұмыс
| Пернелер | Қызметтер |
| Shift + F10 | Ағымдағы объектінің контексттік менюін көрсету (тышқанның оң батырмасын басқан секілді) |
| Alt + Enter | «Свойство объекта» терезесін ашу |
| F2 | Объектінің атауын өзгерту |
| Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басып, тасымалдау | Объектіні көшіру |
| Ctrl + Shift-пен тышқанның сол батырмасын басып, тасымалдау | Объектінің ярлығын жасау |
| Ctrl-мен тышқанның сол батырмасын басу | Қалаған бірнеше объектіні белгілеп алу |
| Shift-пен тышқанның сол батырмасын басу | Көршілес бірнеше объектіні белгілеп алу |
| Shift + Delete | Қайтара алмайтындай етіп жою |
Терезелермен жұмыс
| Пернелер | Қызметтер |
| Alt + Tab | Басқа терезеге ауысу менюін ашу және сол арқылы өзге терезелерге ауысу |
| Alt + Esc | Басқа терезеге ауысу (іске қосылған тәртіп бойынша) |
| Alt + F4 | Ағымдағы уақытта іске қосулы терезені жабу. Жұмыс үстелінде Windows жұмысын аяқтау диалогын ашу |
| Alt | Терезе менюін ашу |
| Esc | Терезе менюінен шығу немесе ашық диалогты жабу |
| Alt + Space | Терезенің жүйелік менюін ашу |
| F1 | Қосымша жайлы анықтаманы ашу |
Диалогтық терезелермен жұмыс
| Перне | Қызмет |
| Ctrl + Tab | (вкладка) бойынша ілгері жылжу |
| Ctrl + Shift + Tab | (вкладка) бойынша артқа жылжу |
| Tab | Опциялар бойынша ілгері жылжу |
| Shift + Tab | Опциялар бойынша артқа жылжу |
Автор: Ерғали Елдос
Сурет: ru.my-walls.net
Ж. FM