- Негізгі бет
- I-дос
- "Темірқұрт" және Samsung...
"Темірқұрт" және Samsung Galaxy Camera
"Аспан Массагет" тобының "Фотоаулау" сайысы 3-ші күнінде конкурсқа дайындаған суретінің қалай өңделгені жайлы тоқталмақпыз.
Естеріңізде болса кеше "Бүгінгі сурет қалай өңделді?" деген атпен жазба жариялаған болатынбыз. Сол дәстүрмен бүгін жасырылған жұмбақтың жауабын тапқаннан кейінгі басқыштағы маңызды жұмыс барысымен Массагет оқырмандарын таныстырмақпыз. Түсірілген фотоны өңдеудің басқышы төмендегідей:
Өңдемек болған түпнұсқа суретті таңдап аласыз. Суреттің үстін шертсеңіз батырмалар көрінеді. Оң жақ үстіңгі бұрыштағы терезені ашып, ішінен «Өзгер.» бөлімін таңдаймыз. «Өзгертулер» бөлімінен «Сурет шебері» терезесін ашамыз. Терезе ашылғаннан кейінгі кезекте «Әсер» батырмасын басып, өзіңіз қалаған әсерді түпнұсқа суретке бере аласыз. Біз «Ескі» әсерін бердік. Түпнұсқа суретпен лездік салыстыру жасау ойыңызда болса үстің жақтаудағы «Алдың. көр-ту» батырмасын басып қарауыңызға болады.
Әсерді сақтау үшін үстіңгі оң жақ бұрыштағы «Дайын» батырмасын басамыз. Келесіде оң жақ үстіңгі панелдегі екіншіде тұрған сақтау батырмасын басу арқылы суретті камераның жад картасына сақтай аламыз.
Бүгін осыған дейін, ертең де аталған фотоалғыштың өзге де қырлары мен, ерекшеліктерімен таныстыра жататын боламыз.
Суретті түсініктеме:
Түпнұсқа сурет
Samsung Galaxy Camera фотоаппратының өз функциялары арқылы өңделгеннен кейінгі сурет
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: массагет.kz
M. Auelkhan