Жылжымалы хабар-байланыс технологиясының артуына ілесе, оның хакерлік шабуылға ұшырау салыстырмасы да күн санап артып келеді. Біз хакерлік шабуылдың қайдан келетінін білмеуіміз мүмкін, бірақ, қайсысына көбірек шабуыл жасалып, жүйесінің бұзылып тасталғанын біле аламыз.
Ғаламтор жүйелерінің қауіпсіздігін бақылайтын Sourcefire ұйымы мынадай бір зерттеу жүргізген. Соңғы 25 жыл аралығындағы қалтафондардың қауіпсіздігі:
Нәтижесі сізді таң қалдыруы мүмкін: iPhone жүйесіндегі кемістіктер 81%, Google-дың Андройд және Windows және Blackberry жүйелері. Нақтылап айтар болсақ, Windows және Blackberry жүйелерінің қауіпсіздігі тек 2007 жылдан кейін ғана артты.
Ендеше Apple-дың iPhone қауіпсіздігінде қандай мәселе бар?
iPhone өндірушілері: «Біз бірінші ұрпақ iPhone-ды жасаған кезде оның қауіпсіздігі басты назарда ұсталмаған болатын. Ал қазір iPhone өз саласында көшбасшы деуге болады» дейді. Бірақ Sourcefire зерттеушісі Yves Younan бұлай деп қарамайды, оның айтуынша: «Қауіпсіздік жүйесінің жақсартылуы хакерлік шабуылдан қорғай алады дегенді білдірмейді... Бұл мәселелерді шешу үшін жүйеге үлкен өзгеріс жұмыстарын жасау керек». Маман тағы да толықтыра түсіп: «Егер өндіруші компания мен сатушы жақ сізге осы мәселе бойынша төлем жасауға келіссе, онда бұл мәселе жартылай шешілді деуге болады. Кей кемістіктер жасалынбаған, бірақ ол маңыздысы емес. iPhone жүйесінің «саңлаулары» көп болғанымен, оның қауіпсіздік системасы бұзылмайды».
Сұрақ: Сонда iPhone қауіпсіз емес болды ма?
Маман пікірі: «Бұл тек уақытша мәселе, оның мәңгі осы күйінде қалады деуге болмайды. Мысалы Google-дың Андройд жүйесінде де нашар пиғылдағы қосымшалар жеткілікті, бірақ, ол тек қосымшаларды сатып алу дүкенінің келтіріп шығарғандары. Өйткені, Google-дың дүкені iTunes-қа қарағанда «қолы ашық».
Сұрақ: Ендеше қарапайым қолданушылар не істеуі керек?
Маман пікірі: «1.Өз құрылғыңыздың жүйенің соңғы бағдарламаларымен жаңартылған-жаңартылмағанын тексеріңіз. Өйткені, соңғы жаңартылғандырының қауіпсіздігі жоғары болады. 2. Жүйе қосымшаларына өз уақытында жаңарту жасап тұрыңыз. 3. Сіз тек қарапайым қолданушы ретінде тіркеліп жүйені орнатыңыз және алыңыз. Сол кезде ғана қаскөйлердің сізде шаруасы болмайды.
Дайындған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: droids.by