Өшірілген құжатты қалай қайтарамын?

Өшірілген құжатты қалай қайтарамын?

Керекті құжаттарды немесе маңызды бағдарламаларды (программаларды) компьютеріңізден өшіріп алып, бармақ тістеп отырған жоқсыз ба? Онда мына барыстарды істеп көріңіз.

1-басқыш: "Бастау" (Пуск) бөлімін ашыңыз. 

2-басқыш: Іздеу сөзі жазылатын бостыққа "regedit" деп жазыңыз.

3-басқыш: Суретте көрсетілгендей терезені ашылады.

4-басқыш: Терезеде көрсетілген HKEY_LOCAL_MACHINE құжат қалтасының ішінен кезегімен SOFTWARE/Microsoft/Windows/ CurrentVersion/Explorer/DeskTop/NameSpace құжат қалталарын ашамыз.

5-басқыш: NameSpace құжат қалтасы ашылғаннан оған жаңа бөлім құрып, атын «645FFO40-5081-101B-9F08-00AA002F954E» деп қоямыз.

 6-басқыш: Аты қойылған жаңа құжатты таңдап, ішіндегі құжаттың атын «Қоқыс сандығы» (Корзина) деп өзгертеміз. Суретте көрсетілгендей.

7-басқыш: Компьютерді "қайта қосуға" (Перезагрузка) жіберіңіз.

Ең соңында басқару панелін ашып қайтып, келген бағдарламаларды қарай аласыз.

Ескерту: Мұнда сіз бұрын өшірген барлық құжаттар қайтып келуі мүмкін немесе дискіңізге дефрагментация жасамаған болуыңыз керек. Сонымен бірге сіздің операциялық жүйеңіз түпнұсқа және дұрыс жұмыс жасайтынына көз жеткізіңіз. Егер бұл барыс жүзеге аспаса, мына сілтемедегі  бағдарламаны пайдаланып көруіңізге болады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: pcsecrets.ru

M. Auelkhan