"Мой Мир" әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды

"Менің Әлемім" ("Мой Мир") әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион қолданушы үшін өз интерфейісін қазақ тіліне аударды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Менің Әлемім" әлеуметтік желісінің PR бөліміне сілтеме жасай отырып.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда қазақ тілді аудиторияның артуы қазақ тілінің іскерлік және тұрмыстық, соны ішінде әлеуметтік желілердің қазақ тіліне аударылуына түрткі болуда. Бұл тенденцияларға мемлекеттік деңгейде де белсенді түрде қолдау көрсетіліп, мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық саласында басымдылыққа жеткізу көзделіп отыр.

"Осы үрдісті назарға ала отырып республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің біреуі Менің Әлемімнің командасы қазақ тіліне локализациялауды жүзеге асырды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімде өзінің туған тілінде қатысым жасай алады, сондай-ақ, топтарды және жеке беттерді жүргізе алады. Қазақша нұсқаға өту үшін баптаудағы тілді өзгерту жеткілікті",-дейді әлеуметтік желінің PR менеджері Ольга Настюкова.

Осы уақытқа дейін сол жақтағы (негізгі) және қосымша мәзір, жобалардың мәзірі және футер аударылған. Бұл 3500-ден астам сөз немесе 27 500 таңба. Әлеуметтік желінің атауы да аударылды: қазақ тілінде ол "Менің Әлемім" деп аталады. Бұған қоса, Android жүйесіне арналған "Менің Әлемім" қолданбасы да локализацияланды. Команданың жақындағы жоспарлары – басқа танымал мобильді платформалар үшін қолданбалардың қазақ тіліндегі нұсқаларын шығару екен.

«Қазақ тілінің іскери ғана емес, жеке қатысымдағы да рөлі барған сайын өсуде. Бұл объективті демографиялық және миграциялық процестермен де, мемлекеттік саясатпен де байланысты. "Менің Әлемім" — Қазақстандағы миллиондаған пайдаланушылар үшін нөмірі бірінші әлеуметтік желі болғандықтан, біз үшін оларға өзінің туған тілінде қатысым жасау және мазмұнын жүргізу мүмкіндігін беру маңызды болды» , – дейді Менің Әлемім әлеуметтік желісінің жетекшісі Денис Алаев. – Менің Әлемімді локализациялау процесі жалғасып жатқандықтан, біз қазақстандық пайдаланушылардан кері байланысты алуға және әлеуметтік желінің қазақша интерфейсімен одан әрі жұмыс істеуде олардың ұсыныстарын ескеруге қуанышты боламыз».


Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: vzlomaster.com, mail.ru