- Негізгі бет
- I-дос
- Microsoft Word-қа қалай...
Microsoft Word-қа қалай оңай жолмен таңба қоюға болады?
Тілшілер, оқушылар, студенттер жалпы Microsoft Word пайдаланушылары жазу кезінде символ қоюдан түрлі қиындыққа тап болады. Мысалы, мақала немесе реферат жазу барысында сізге параграфтың (§) таңбасы қажет болған жағдайда, пернетақтаның тілін ауыстырып немесе тағы басқа әурешіліктерді жасауға мәжбүр боламыз. Бірақ бұл жеңіл болып көрінгенімен, бір затты бірнеше рет қайталай беру жүйкені шаршатады. Мұндай жағдайда пернетақтаның оң жағында орналасқан NumLock мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Ол үшін Alt батырмасын басып тұрып сандық пернетақтадан төменде көрсетілген төрт таңбалы санның қажеттісін теру қажет. Alt-ты босатқан кезде таңдаған символыңыз теріледі.
Төменде символдардың керекті сандық кодтары:
0136 € Евро
0145 ‘ Айналған апостроф
0149 • Үлкен нүкте
0153 ™ Сауда белгісі
0167 § Параграф
0169 © Копирайт
0171 « Ашық тырнақша
0174 ®
0176 ° Градус белгісі
0177 ±
0183 · Ортаңғы нүкте
0187 » Жабық тырнақша
Оқи отырыңыз:
"Windows 7" жүйесін қазақшалау
Ғаламтор жоқ болса адамдарға не болады?
Microsoft Windows 9 нұсқасын бір айдан кейін көрсетеді
Intel арзан бағалы Prestigio MiltiPad Thunder 7.0i планшетін таныстырды
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Н. Нұрмаханұлы