- Негізгі бет
- I-дос
- iPhone смартфонына ipa...
iPhone смартфонына ipa файлы арқылы бағдарлама жүктеу
iPhone 3G, iPhone 3GS, iPhone 4 смартфондарына жаңа бағдарлама орнату үшін алдымен джайлбрейк (Jailbreak) арқылы смартфонды тазалап, Cydia қосымшасын жүктеу керек.
Жүктелген жаңа Cydia қосымшасын ашыңыз.
Оның ішінен “Manage” ашылады. Сол кезде “edit” батырмасын басыңыз.
Сосын мына сілтеме шығады: http://cydia.hackulo.us
Бұл жерде “add sources” басыңыз. Cydia-да тұтынушы тіркелмеген деген жазу шыққанда “Add anyway” батырмасын басыңыз.
Осы кезде сізге iPhone-ға жүктелетін бағдарламалардың тізімі шығады. Сізге алдымен “Installous” бағдарламасын орнату керек. Сосын “AppSync for OS 3.0″ или …for OS 4.0, …for OS 5.0 қосымшаларын да жүктей аласыз.
Қосымшалардың ішіндегі AppSync смартфоныңыздағы қорғанысты нығайту үшін қажет. Қорғанысты күшейтіп алған соң, Cydia бағдарламасын жабыңыз. Сонда экранда “Installous” бағдарламасы шығады. Бұл бағдарлама арқылы сіз смартфондарға қажетті барлық қосымшалар мен бағдарламаларды жүктей аласыз.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: iphone-gps.ru
Ю. НИКУЛЛИН