- Негізгі бет
- I-дос
- I-dos. 10-дәріс (Скриншот...
I-dos. 10-дәріс (Скриншот жасау)
Аздаған үзілістен кейін, i-dos-ты жалғастырамыз. Құрметті оқырман, бүгін сіз бен біз скриншот жасау туралы айтып өтетін боламыз.
Скриншот - компьютер экранында көрініп тұрған объектілердің сурет форматындағы халі (jpg, png, jpeg...)
Егер бұл түсініктеме сізді қиындыққа қалдырса, мысал ретінде бір скриншот жасап көреміз. Сонда барлығы түсінікті болады деп ойлаймыз.
Мәселен, мынау экранымыздың жалпы көрінісі:
Енді осы көріністі сурет форматына әкелуіміз керек. Ол үшін экранның осы тұрған күйінде Prt Scr (кей пернетақталарда Prt Scr/SysRq) пернесін басамыз. Содан соң, компьютерде орнатылған кез келген фоторедакторды ашамыз. Біздің жағдайда барлық компьютерде міндетті түрде бар Paint бағдарламасы пайдаланылады:
Бағдарламаға кіреміз:
Тышқанның оң жақ пернесін басып, ашылған мәзірден "вставить" батырмасын басамыз. Осылайша скриншотты редакторға орналастырамыз:
Енді осы күйде компьютерге сақтаймыз. Экранның сол жақ бөлігіндегі "файл" батырмасы арқылы суретті сақтаймыз:
Көріп отырғаныңыздай, біз суретті жұмыс үстеліне сақтадық:
Файл дайын, енді оны ашып көріп, өз қажеттілігімізге пайдалана беруімізге болады.
Ардақты оқырман, сұрақтарыңызды төмендегі пікір алаңына жаза берсеңіз болады. Тұздық ретінде teachvideo сайтының видео сабағын қоса ұсынамыз: