Ең жаңа өнертабыстар

Тілмен тіс жуу 

Өнертабыстардың бірінші кезегіне Массагет назарларыңызға ұсынған "Тілімен тіс жуу" тұрды. Бұл канадалық Арсал мен Фаиид есімді екі жігіттің өнертабысы. «Бұл щеткіні қолмен істетпейсіз, тек тіліңіздің ұшына кигізіп алып, тісіңізді айналдырып жаласаңыз болғаны, тісіңіз аршыған жұмыртқадай жарқырап шыға келеді» дейді олар.


Шаштараз дулыға

АҚШ тұрғыны Борис шаш алатын дулыға ойлап тапты. Басыңызға киіп алсаңыз болғаны, 20 секунд уақытта басыңызды айнадай қылып қырып береді. Төрт ұстара орналастырылған «шаштараз дулыға» адамдардың шаш алу барысындағы ауырсыну, жара болып қан ағу сынды жәйттерін болғызбайды екен. Бористің айтуынша: «Қолмен шаш алғанда оның дірілі мен оңды-солды қозғалысы шаш үлгіңізді бұзуы мүмкін, ал менің өнертабысымның дәлдік дәрежесі қолмен алғанға қарағанда 4 есе».

 

«Бөлке шыны»

Сіз асқа нан қосып жейсіз ғой? Ендеше наныңыздың дәмі тамаққа шығып, асыңыздың дәмі нанға сіңіп, дәмінің тіл үйіргенін қалайсыз ба? Онда мына өнертабысты жаныңыз қалайды. Англияның Бирмингем қаласындағы бір кафеде осындай «ыдыс» істетіледі екен. Ол 8 сағат өз қалпын бұзбай сақтай алады.

 

Жолтөсегіш құлтемір

Нидерландықтар Tiger-Stone деп аталатын адам күшін көп қажет ете бермейтін құлтемір машина жасап шығарды. Ол нашар жолды көрініс әдемі кірпіштермен түзу, тегіс қылып жасап кете береді екен. Айтпақшы, біз бұл туралы да айтқанбыз

 

Супер әке және ұшқыр арба

Англиялық 33 жастағы Аурзе есімді әке мықты металдармен баласына арба құрастырып, оған қозғалтқыш қойып, сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүре алатын етіп жасаған. Ол арбаға 4 артық доңғалақ қосып, оған әкесінің тұруына мүмкіндік берген. Бұл өнертабыс әкелер мен аналарға арналады деп күле жауап берді Аурзе.

 


iPhone және iPad қыстырғыш

Егер сіз аса жалқау болсаңыз, әрі өз iPhone-ыңыздан үнемі видео, кино қарап, блог жаңартатын болсаңыз, онда бұл қыстырғыш сізге де керек. Оны мойынға ілесіз де, талған қолыңызды азат етесіз.

 

Тік отырып ұйықтау

Бір қарағанда, мойны қисықтарға арналған құрал сияқты болғанымен, ол шамадан тыс шаршаған адамдардың тік отырып ұйықтап алуына арналған құрал. Ол компанияда отырып, көлікте, ұшақта, пойызда отырып көз шырымын алып алуды армандаған адамдарға арналады.

 

Сұлу қол әрекет

Қоғамдық қарым-қатынаста сіздің сөзіңіз бен қолыңыздың әрекеті қабысса, нұр үстіне нұр болмақ. Ендеше оны да сізге үйретіп отыратын құрылғы пайда болды. Оны мойныңызға, беліңізге тақсаңыз, болғаны.

 

«Ұстаз» қолғап

Енді классикалық музыкаларды мына қолғаптың көмегімен өзіңіз-ақ ойнап кете аласыз. Музыка әуескерлеріне арналған қолғап олардың пианино үйренуіне жағдай жасап берді. Саусақтарға белгі беру арқылы тілшіктерді басуға бұйрық береді. Осыған ұқсас Finger Piano деп аталатын гаджет туралы айтып өткен едік. 

 

Ақылды стақан

Терең ыдыстардың түбіндегі қалдықтарды жуа алмай, мазасызданған кездеріңіз болды ма? Енді одан да азат боласыз. Тек стақанның астына екі батарея салып, ыстық су құйсаңыз, болғаны, ыдыстың түбіндегі қалдықтарды тазалап жуып береді.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: huanqiu.com