Samsung Galaxy Camera фотоаппратының өз функциялары арқылы "Фотоаулау" сайысына "Аспан Массагеттерінің" дайындаған суретін қалай өңдегені жайлы білмек болсаңыз назар аударыңыз.
Түпнұсқа сурет
Samsung Galaxy Camera фотоаппратының өз функциялары арқылы өңделгеннен кейінгі сурет
Өңдемек болған түпнұсқа суретті таңдап аласыз. Суреттің үстін шертсеңіз батырмалар көрінеді. Оң жақ үстіңгі бұрыштағы терезені ашып, ішінен «Өзгер.» бөлімін таңдаймыз. «Өзгертулер» бөлімінен «Сурет шебері» терезесін ашамыз. Терезе ашылғаннан кейінгі кезекте «Әсер» батырмасын басып, өзіңіз қалаған әсерді түпнұсқа суретке бере аласыз. Біз «Күн сәулесі» әсерін бердік. Түпнұсқа суретпен лездік салыстыру жасау ойыңызда болса үстің жақтаудағы «Алдың. көр-ту» батырмасын басып қарауыңызға болады.
Әсерді сақтау үшін үстіңгі оң жақ бұрыштағы «Дайын» батырмасын басамыз. Келесіде оң жақ үстіңгі панелдегі екіншіде тұрған сақтау батырмасын басу арқылы суретті камераның жад картасына сақтай аламыз.
Бүгін осыған дейін, ертең де аталған фотоалғыштың өзге де қырлары мен, ерекшеліктерімен таныстыра жататын боламыз.
Мәтіннің суретті түсіндірмесіне назар аударыңыз:
Бізді қолдап, Вконтакте мен Фейсбукта лайк басып, пікір жазыңыздар.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: massaget.kz