Осыдан біраз жыл бұрын Билл Гейтс: «Біз ғаламтордан ең тамаша сабақ мазмұндарын таба аламыз, бұл әрқандай бір университеттен де асып түседі» деген болжам жасаған болатын. Гейтс «Жұртшылықтың мағлұматы қаншалықты деңгейде болуына қарамастан, барлығы да ғаламтордағы түрлі дереккөздер мен мәліметтерді пайдаланады» деген пікір айтқан-ды. Ал бүгінгі күнде осы болжамдардың бәрі шындыққа айналуда. Жай ғана 2012 жылға мойын бұрар болсақ, Стэнфорд, MIT сынды танымал жоғары оқу орындарының профессорлары МООС (ғаламтордағы көлемді ашық сабақ) ағымын қалыптастырып, оны дамытқан болатын. АҚШ-тың Аризона, Клевеланд, Арканзас сынды 40 университеті барлық сабақтарын интернетке қоюға ниет танытып отыр. Студенттер мен тыңдаушылар оқу аудиториясына келмей-ақ өз сабақтарын оқып, ғылыми атақтарын қорғауына болады. Оның үстіне бұл білім алуға кететін оқу ақысын да төмендетуге зор мүмкіндік туғызып отыр.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: mnn.com