- Негізгі бет
- I-дос
- Zune бағдарламасын орнатып...
Zune бағдарламасын орнатып үйренейік
Zune - бұл мультимедиялық бағдарламалар орталығы. Бұл бағдарламаның көмегімен жеңіл әрі ыңғайлы өз коллекцияңыздағы бейне немесе әндерді тыңдауға болады. Сонымен қатар Zune Marketplace интернет дүкенінде тегін әндерді жүктеп алуға да болады.
Бағдарламаны орнату жолдары:
Zune бағдарламасымен жұмыс істеу үшін әрине бұл бағдарламаны өзіңіздің жеке компьютеріңізге орнату керексіз. Жүктеудегі бірінші кезең таныстырудан басталады. Бұл жерде Бағдарламаны жаңадан орнату немесе Бағдарламаны қайта қалпына келтіру деген жазулар шығады. Қалай орнатқыңыз келеді, сол жазуды таңдайсыз.
Егер, сіз экранда шыққан қос жазудың қайсысын таңдаймын деп бірнеше минуттар өткізсеңіз, Zune бағдарламасы автоматты түрде сізге мына мүмкіндіктерді ұсынады:
- Windows жүйесіндегі мультимедиалық барлық файлдарды Zune бағдарламасы арқылы енгізу;
- Zune бағдарламасын негізгі медиаойнатқыш ретінде таңдау;
- Ғаламтордан ән немесе альбом туралы мәліметтерді автоматты түрде жүктеу;
- Автоматты түрде әннің қосалқы ақпараттарын жүктеу;
- Zune бағдарламасын қолдану туралы Microsoft компаниясына тіркеу;
Жоғарыда тізілген мүмкіндіктердің бірін таңдап, Алға (Вперед) жазуын басыңыз. Бұл кезеңде Zune бағдарламасы автоматты түрде жеке компьютеріңіздегі барлық мультимедиалық құжаттарды көшіріп алады.
Келесі этап - Zune бағдарламасының құжаттарды сақтау кезеңінен өтеді. Бұл жерде сіз өз тарапыңыздан сақтағыңыз келген файлдарды да қосуға болады.
Соңғы кезеңде Zune бағдарламасы барлық файлдарды жүктеп болғанын экранға шығарады. Бұл жерде сіз интернет арқылы Microsoft компаниясына бұл бағдарламаны қолданып жатырмын деген ақпарат бере аласыз. Және де Microsoft компаниясы сізді өз тұтынушылар қатарына қосып қояды. Бұл арқылы сіз интернеттен тегін ән немесе видео жүктей аласыз.
Қорытындысында, Аяқтауды (Завершить) басыңыз. Сіздің компьютеріңіздің жұмыс үстелінде Zune бағдарламасы пайда болады.
Жоғарыдағы көрсетілген пәрмендерді сіз ұялы телефоныңызға да орната аласыз!
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: allnokia.ru
Ю. НИКУЛЛИН