I-dos. 9-дәріс (Слайд-шоу жасау)

Ардақты массагеттіктермен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз. Бүгін өз қолымызбен слайд-шоу жасап көреміз.

Жалпы фильм жасауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Бірақ біз оқырмандарымызды қиындыққа қалдырмас үшін Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін кез келген компьютерде бар қарапайым құралдарды пайдаланатын боламыз.

Біздің жағдайда "Wndows Live киностудиясы" бағдарламасын қолданамыз (Windows 7). Windows-тың басқа нұсқаларында (ХP) біз орындағалы отырған операцияларды Windows Movie Maker бағдарламасы арқылы орындауға болады. Қай-қайсысының да жұмыс істеу принципі бірдей болғандықтан, оған аса назар аударып керек емес.

Олай болса бастайық...

"Пуск" батырмасы арқылы аталған бағдарламаға кіреміз:

Бағдарлама мына түрде ашылады:

"Добавить видео и фотографию" батырмасы арқылы қажетті фотосуреттерді бағдарламаның жадына көшіреміз:

Қажетті суреттерді таңдаған соң, бағдарлама интерфейсі мына түрге енеді:

"Добавить музыку" батырмасы арқылы оңтайлы деп тапқан музыканы көшіреміз:

Оқырмандарға түсінікті болу үшін қосымша мүмкіндіктерге тоқталмай тұра тұрамыз. Жобаны осы күйінде сақтаймыз:

Осылайша фильмді компьютерге сақтаймыз.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lRsdwIkaBh8&feature","width":"425","height":"350"});

Бүгінгі дәрісіміз осымен тәмәм. Келесі жолы бағдарламаның қосымша мүмкіндіктерін сөз қылып, бүгінгі жұмысымызды жалғастырамыз.

сурет: liveinternet.ru