I-dos жалғасуда. Бүгін сіз бен біз бірігіп, суретті қию туралы әңгіме-дүкен құратын боламыз. Мысалы сізге фотосуреттің кейбір бөліктері ғана керек болып, файлды қию қажеттілігі тууы мүмкін. Жалпы суретті түрлі бағдарламалар арқылы қиюға болады. Бүгін біз осы операцияны орындауға қабілетті Microsoft Office Picture Manager бағдарламасын қарастыратын боламыз.
бағдарламаны көшіру
Алдымен суретімізді осы бағдарлама арқылы ашуымыз керек. Яғни, суреттің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. "Открыть с помощью" деген мәзірге кіріп, "Microsoft Office Picture Manager" деген жазуды тауып, үстінен шертеміз.
Содан соң, суретті өңдеуге арналған мынадай терезе ашылады.
Терезенің жоғарғы мәзір бөлімінен "изменить рисунки" атты бөлімді тауып кіреміз. Оң жақтан жаңа екінші дәрежедегі терезе ашылады. Сол терезе мәзірінен "обрезка" деген бөлімді тауып, батырманы басуымыз керек. Автоматты түрде суреттің айналасынан оны өңдеуге арналған контурлар пайда болады.
Курсор арқылы контурды жылжытып, қажетті ауданды таңдап болған соң, оң жақтағы терезедегі "ок" батырмасын басамыз.
Сурет қиылды. Егер файлдың бастапқы түрі сізге қажет болса, файл - сохранить как батырмалары арқылы өзгертілген суретті басқа жерге сақтап қою керек.
Осымен бүгінгі дәрісіміз тәмәм. Аман-саулықта жолығайық!
сурет: taquito143.deviantart.com