I-dos тағы да сіздердің алдарыңызда. Алдыңғы дәрісте сканер туралы түсінік қалыптастырып, оны орнатудың жолдары туралы айтып өткен болатынбыз.
Бүгін назарларыңызға сканермен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін ұсынамыз. Барлық драйвердерді орнатып құрылғыны компьютерге жалғаған соң, сканерленетін қағазды қолыңызға алып еркін түрде іске кірісуге болады. Алдымен көшірілуі тиіс парақты сканер бетіне қоюыңыз керек.
Өздеріңіз байқағандай, қосымша құрылғылардың баптаулары да, оны қолданатын тетік те компьтердің басқару панелінде(панель управления) орналасқан. Әдеттегідей "пуск" батырмасы арқылы сол мәзірге өтеміз.
Мәзірге кірген соң, әдеттегідей "Устройства и принтеры" деген бөлімге кіреміз. Мынадай мәзір ашылады:
Орнатылған құрылғылар тізімінен сканерімізді тауып аламыз. Біздің жағдайда Samsung SCX-4300 сериялы сканер орнатылған. Аталған құрылғының үстінен шертіп, жаңа мәзірге кіреміз:
Біздің компьютерде орнатылған құрылғы сканермен қатар принтердің де қызметін атқаратын болғандықтан, қажетті операцияны сұрап тұр. Егер компьютеріңізге орнатылған аспап тек сканерлік қызмет атқаратын болса, бұл пунктке назар аудармасаңыз да болады. Қажетті операцияны таңдап, әрі қарай жылжимыз...
Сканер мәзірі ашылады. Бұл жерде алдын ала сканерлеудің баптауларын жүзеге асыруға болады. Маңыздыларына тоқталып өтелік.
"Цветовой формат" деп аталатын бөлімде сканерлеудің түсін баптауға болады. Қарапайым тілмен айтқанда парақтың түрлі-түсті болып немесе қара түстер негізінде сканерленуін баптайсыз.
Парақшаңыз сканерленіп, дайын болады. Файлды өзіңізге ыңғайлы жерге сақтап, игілігіңізге пайдаланыңыз.
Осымен бүгінгі дәріс тәмәм. Аман-саулықта жолығайық.
сурет: atiz.ru