I-dos. 4-дәріс (Қағаз басып шығару)

I-dos. 4-дәріс (Қағаз басып шығару)

Сіздермен I-dos-та қайта қауышқанымызға қуаныштымыз. Бүгін сіз бен біз болып, принтер арқылы мәтінді қағазға басып шығарудың қыр-сырына бойлауға тырысамыз. 

Әдетте біз мәтіндерімізді Microsoft Office Word бағдарламасы арқылы теріп шығамыз. Бірақ кейбір оқырманар қағазды басып шығарудың кейбір сырларын білмеуі мүмкін. Сонымен іске кіріселік. 

Дәрісті Microsoft Office Word 2007 бағдарламының көмегімен өткіземіз. Бағдарламаның қай түрін қолдансаңыз да, жалпы принцип біреу болғандықтан, оған аса назар аударудың қажеті жоқ. 

1

Мынау Microsoft Office Word 2007 бағдарламасының экрандағы көрінісі. Мәтін теріліп дайын болған соң, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі дөңгелек батырманы басамыз. Бұл - бағдарламаның жалпы мәзірін шақыруға арналған батырма. Бұл батырманы басқан соң, мынадай болып мәзір ашылады. 

2

Ашылған мәзірдің "Печать" деген бөліміне кіреміз. Ашылатын терезенің көрінісі мынадай болады:

3

Басып шығарудың барлық баптаулары осы жерде жүзеге асады. Бұл жазбада ең негізгі, көп қолданылатын баптауларды талдаймыз. Алғашқы блокта тұрған "имя" атты жылжымалы мәзір қағазды басып шығаратын принтерді таңдау үшін қолданылады.

6

Мәселен, компьютерімізге бірнеше принтер жалғанған болса, қажетті құрылғыны таңдап алуымызға мүмкіндік бар...

5

Біздің жағдайда Sumsung принтері таңдалып алынған.  Егер компьютеріңізге жалғыз ғана принтер жалғанған болса, бұл мәзірге көңіл аударудың қажеті жоқ. 

Әрі қарай жылжиық. Одан төменіректе "Страницы" деп аталатын блок орын тепкен. 

4

Бұл жерде біз басып шығару қажет бетті таңдап аламыз. Мәселен біздің жазбамыз 50 бет болуы мүмкін. Барлық бетті басып шығару керек болса, "все" бөліміне белгі қою арқылы таңдауымызды білдіреміз. "Текущая" бөліміне белгі қояр болсақ, ашылып тұрған бет қана басып шығарылады. Тек ескеретін нәрсе сол ашылып тұрған бетте курсор белгіленіп тұруы керек. Басқаша айтсақ, сол парақтың үстінен бір рет шертіп жіберуіміз керек. Жеке-жеке кейбір беттерді таңдау үшін "Номера" деген бөлімді таңдап, қажеттілерін таңдаймыз. Мысалы біз, 2, 5, 6 беттерді таңдап отырмыз...

7

Содан соң, "ок" батырмасын басар болсақ, тек осы белгіленген беттер ғана басылып шығады. Ескеретін нәрсе, нөмірлерді үтір арқылы жазуымыз керек. 

Әрі қарай жүре берелік...

8

"Число копий" деген аймақта көшірме санын баптаймыз. Яғни, басылып отырған беттің қанша көшірмесі қажет болса, сол санды тиісті аймаққа енгіземіз.

9

"Масштаб" атты блок бір параққа қанша беттің басылып шығатындығы жайлы ақпарат енгізуге арналған. Қарапайым тілмен айтсақ, былай. Мысалы, сіз студент болып, шпаргалка дайындап жатқан болсаңыз, бір параққа көбірек беттің басылып шыққандығына мүдделі боласыз. Мәселен, "число страниц на листе" атты бөлімге "4 страницы" деп енгізер болсақ, біз таңдап отырған 2, 5, 6 - беттердегі жазбалар бір параққа басылып шығады. Яғни бір параққа 4 бетке дейін басылып шығу мүмкіндігі болады. 

Қадірлі Массагеттік достар! Осымен бүгінгі дәрісімізді аяқтаймыз. Амандықта жолыққанша!

сурет: novate.ru