i-dos тағы да назарларыңызда. Бүгін сіз бен біз Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы слайд шоу жасау туралы әңгіме-дүкен құратын боламыз.
Бағдарламадан Пуск батырмасы арқылы Microsoft Office папкасынан тауып аламыз:
Бағдарлама мына түрде ашылады:
Слайд шоудың негізгі мақсаты - кез келген ақпаратты оңай, көркем түрде жеткізу, көрсету. Мысал ретінде қыз қуу туралы қысқа шоу жасап көреміз.
Бас менюдің жоғарғы жағындағы Макет батырмасын басып, өзімізге ыңғайлы деп тапқан шаблонды таңдаймыз:
Экран мынадай түрге түседі:
Тақырыпты енгіземіз:
Төменгі бөлікке сурет қоюымыз керек. Ол үшін таудың суреті бейнеленген батырманы басу арқылы фотоны көшіреміз:
Оң жақтағы терезеге текстімізді енгіземіз:
Осымен слайдымыз дайын. Енді оны бүкіл экран бетіне үлкейтіп көрсету үшін пернетақтамыздың жоғарғы жағында орналасқан F5 батырмасын басамыз:
Файлды сақтауды ұмытпаңыз.
Аяулы оқырман! Осымен бүгінгі дәрісіміз тәмәм. Келесі жолы осы осы бағдарламаның қосымша мүмкіндіктерін сөз етеміз.
көрнекі сурет: chipchick.com