F1-ден F12-ге дейінгі батырмалардың атқаратын қызметі
Ғ1: Сіз дәл қазір белгілі бір бағдарламаны пайдаланып отырсыз, ендеше бұл перне арқылы сол бағдарламаның өзіндегі жәрдемші парақшаны аша аласыз. Ғ1-ді басып көріңіз, көзіңіз жетеді. Егер ешқандай да бір бағдарламаны пайдаланбасаңыз, онда үстел беті таңдаулы күйінде Ғ1-ді бассаңыз, Windows жайлы жәрдемші құжат ашылады.
Ғ2: Құжат ашылмаған күйінде белгілі бір құжат қалтасының ішінде тұрған кезде, оны бір шертіп таңдап, Ғ2 батырмасын бассаңыз, оның атын өзгертуге болады.
Ғ3: Бұл батырма арқылы кез келген бағдарламаның іздеу бұрышын ашуға болады.
Ғ4: Бұл батырма арқылы ашулы тұрған терезені жабуға болады және компьютер ешқандай жұмыс істемей тұрған кезде немесе үстел беті таңдалып тұрған кезде оны өшіруге болады.
Ғ5: Бұл батырма арқылы үстел бетін және ғаламтор шолғышын жаңалауға болады.
Ғ6: Ғаламтор шолғышының(браузердің) сілтеме жазу бөлігін тез арада таңдап береді.
Ғ7: Windows жүйесінде бұл батырманың ешқандай қызметі жоқ, бірақ DOS терезесінде берілген бұйрықтарды ретімен, тәртіп бойынша қатарға қойып береді.
Ғ8: Компьютер қосыла бастағанда осы батырма арқылы қозғалу тізімін қарауға болады. Кейбір компьютерлерде осы батырма арқылы электронды мидың BIOS қорына кірмей-ақ жұмсақ диск, қатты диск сынды қозғалту жүйелерін қоюға болады.
Ғ9: Windows жүйесінде ешқандай атқаратын қызметі жоқ, бірақ Windows Media Player-де тез арада дауысты бәсеңдетуге болады.
Ғ10: Бұл батырма арқылы Windows-тың терезе қатарларын белсенді күйге келтіруге болады.
Ғ11: Кез келген ғаламтор шолғышын бүкіл экранға қойып береді. Оны қайтару үшін қайта осы батырманы басу керек.
Ғ12: Windows жүйесінде ешқандай қызметі жоқ, бірақ, Word-та құжат атын басқаша сақтау терезесін ашып бере алады.
Соңғы шыққан ноутбуктерде Fn батырмаларымен аталған 12 батырманы қосып басу арқылы WiFi немесе басқа да компьютердің қызметтерін тез арада атқаруға мүмкіндік берілген.
Автор: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: foxnews.com
M. Auelkhan