Android смартфондарының құпия кодын шешу жолы

Android смартфондарының құпия кодын шешу жолы

Екінің бірінде, егіздің сыңарында Android жүйелі смартфон немесе планшет бар. Соған орай қауіпсіздік үшін және смартфон бетінің беталды басылып кетуінің алдын алу үшін код қояды. Онда да жай сандар немесе символдар емес, айналдыра жетелей жөнелетін қауіпсіздік суретшелері қойылады. Саусақпен экран бетін басып сүйрей жөнелетін қауіпсіздік кейде ұмытылып қалып, кейде үйдегі кішкентайлар шұқылап қойып, мәңгі ашылмастай болып құлыптанып қалады. Жұмыс істеуге шарасыз қаласыз. Егер осы жағдай орын алса, оны компьютерге жалғап, кілтсөздерді қайтаратын бағдарламалар арқылы «Кілтсөзді өшіру» деген батырманы басып-ақ бұл мәселеден азат боламыз.

Ал кейде сіздің смартфоныңызды немесе планшетіңізді компьютер танымай қалса, кілтсөзді шешу бағдарламалары жоқ болса немесе санды мәлімет шнурлары табылмай, жоғалып қалуы себебінен олай жасауға шарасыз қаласыз. Мұндай кезде төмендегідей амалмен кілтсөзді жоғалтуға болады.

Ол амалдың аты: «Смартфонды өндірген бастапқы қалпына келтіру» деп аталады.

Амал барысы:

Бірінші: Смартфонды сөндіреміз.

Екінші: Қайта қосамыз. Бұл барысты орындау үшін, сөндіру батырмасы мен дауыс жоғарлату батырмасын бірге басып тұрып (егер смартфоныңызда «Бастапқы бет» («Home») батырмасы бар болса, дауыс жоғарлату батырмасының орынына сол батырманы басып тұрып) ашамыз.

Үшінші: Ашылған көк экраннан жазбалар көрінеді, дыбыс батырмасы арқылы «WIPE DATA/FACTORY RESET» сөзін талдаймыз.

Төртінші: «Меню» арқылы тұрақтандырамыз.

Бесінші: Көрінген құрал текшесінен «Yes» деген сөзді таңдайсыз.

Алтыншы: Жоғардағы бұйрықтар орындалған соң, «REBOOT SYSTEM NOW» деген бұйрықты таңдап, «Меню» батырмасы арқылы тұрақтандырасыз.

Соңында, смартфон қайта қосылып, зауыттан шыққан әуелгі қалпына қайта келеді.

Автор: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: theunlockr.com

M. Auelkhan