І-dos. 8-дәріс (Суретті сығу)

І-dos. 8-дәріс (Суретті сығу)

I-dos тағы да назарларыңызда. Алдыңғы дәрісімізде суретті қию туралы сұхбат құрған болатынбыз. Ол үшін Microsoft Office Picture Manager бағдарламасын қолданған едік. Бүгін осы құралдың басқа да мүкіндіктерін сөз қыламыз.

Тақырыбымыздан белгілі болғандай, осы бағдарлама арқылы суретті сығу амалдарын орындаймыз.

Бағдарламаны көшіру

Мәселен суретті интернетке орналастыру кезінде тым ауыр файлдарды көшіру қиындық тудыруы мүмкін. Кейбір сайттар файлдың көлеміне шектеу қоюы мүмкін. Ондай шектеу болмаған күннің өзінде тым ауыр суреттерді жүктеу ұзақ уақытты талап етеді. Қалай болғанда күнде де, суретті сығу пайдалырақ болады. 

Енді әңгімені созбай, бірден іске көшейік.

Суретті аталған бағдарлама арқылы ашамыз.

вы

Әдеттегідей "Изменить рисунки" батырмасын тауып басамыз. Осылайша оң жақтан жаңа терезе ашылады. Ашылған терезеден "сжать рисунки" деген батырманы тауып басамыз.

df

sd

Скриншотта көріп отырғандарыңыздай, суретті сығуға арналған жаңа терезе ашылады. Жоғарғы жақтағы мәзірде суретті сығудың түрлі нұсқалары келтірілген. Суретті қай жерде пайдаланыңызға қарай, өзіңізге ұнаған нұсқаны таңдап, "ок" батырмасын басамыз. Осылайша 5,4 МБ көлемі бар сурет, 354 КБ болды.

Бүгінгі дәрісіміз тәмәм. Аман-саулықта жолығайық.

сурет: susekov.ru