Табиғат мұражайына саяхат. 3-бөлім

Табиғат мұражайына саяхат. 3-бөлім

Табиғат мұражайына саяхатымызды жалғастырамыз.

Естеріңізге сала кетелік, алдыңға жазбада мұражайда сақтаулы тұрған палеозой, кайнозай дәуіріндегі жануарлардың қаңқаларымен таныстырған болатынбыз. Бұл бөлімде сол әңгімемізді соңына дейін жеткіземіз.

Олигоцен заманында, яғни, біздің заманымызға дейінгі 20-25 миллион жыл бұрынғы кезеңде қазіргі Қазақстан жерінің көпшілігін теңіз алып жатқан. Батпақты жерлер көп болған. Сол себепті ол замандарда батпақты жерлерде өмір сүруге бейім жануарлар ғана өмір сүрген. Солардың бірі бронтотерий деген жануар. Бұлар мүйізтұмсықтарға өте ұқсас. Бірақ басқа тұқымдас жануарға жатады. 

fg

Бұл жануардың сүйектері Қазақстан аумағынан әр жерден аз-аздан ғана табылған. Мәселен 1996 жылы Алматыдан 500 шақырым қашықтықта, Жаркентке жақын жердегі Ақтау деген аймақтан осы жануардың 3 қаңқа сүйегі табылған. Айта кетелік, бұл қазба жұмыстарын қазақстандық және америкалық археологтар бірігіп жүргізген еді. Ғалымдар кейін табылған жануарды жаңадап ойлап табылған Ақтау Титан тұқымдасына жатқызған. Ал түрінің аты "типопатамокус" деп қойылған.

Төмендегі суретте табылған сүйектердің кейбір бөліктері:

ыв

Атап айтсақ, бронтотеридің жауырыны, тоқпан жілігі, кәрі жілігі, ортаңғы буындары, сирақтары, бақайлары, қабырғалары:

ва

ва

ва

Ақтау аймағынан сонымен қатар батпақ мүйізтұмсығы деп аталатын жануардың сүйектері де табылғандығын айта кетелік. Төмендегі табылған сүйектердің фрагменттеріне назар салыңыздар:

ва

Айта кетелік, сөз болып отырған заманда шошқа тәрізділердің көптеген түрлері тіршілік еткен. Солардың бір түрі энтелодонт деп аталады. Төмендегі суретте энтелодонттың толық қаңқа сүйегі:

ап

с

Бұл қаңқа Орталық Қазақстаннан табылған. Бұл экпонаттың барлық сүйектері шын сүйек те, тек бас сүйегі қолдан жасалған. Сүйектің тым ауыр болуының себебінен дене сүйегіне энтеладонттың бас сүйегінің көшірмесі жасалып кигізілген. Мұражайда жануардың шын бас сүйегі де сақтаулы тұр:

про

Төмендегі суретте бұған дейін сөз болған Жайремде табылған алып мүйізтұмсықтың жақ сүйегі және тістері:

ыв

Осымен бүгінгі әңгімемізді аяқтаймыз. Массагетпен бірге болыңыздар.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Ғылыми консультант: биология ғылымдарының кандидаты, доцент, палеонтолог Байшашев Болат Уапұлы

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан