Әлем халықтарының соғыс тарихында біз біле бермейтін қызықты деректер көп.
Германияның ұлтшылдар армиясы ең көп болғанда 13 миллионға жеткен. Румынияда екі айлық бүлік туғандықтан Гитлер Мәскеу шайқасын қозғауға үлгере алмай қалғандықтан жеңілген. Жапон-Ресей соғысында Ресейдің Балтық теңізі әскери құрамасының ойрандалуына оның Еуропадан Азияға дейінгі алыс су жолын басу барысында кеменің сыртына аса көп қабыршықтың жабысып алып, кеме қарқынының баяулауы себеп болған. Испания отаршысы кезінде қазіргі Перудің патшасын ұстап алып, оны 100 шаршы метрлік бір үйге қамап қояды да, осы үйді алтынға толтырып берсе патшаны қоя беруге уәде берген. Алайда бұл үйді байырғы Перу елінің халқы алтынға толтырып берген кезде, ол патшаны өлтіріп тастайды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Ұлыбританияның миллиондаған армиясы Верденде текетіреске түседі. Бір күні Ұлыбританияның бір жас әскері зеңбірек сынағын жүргізіп жатқанда зеңбірек оғын Германияның орманына жасырып қойған оқ-дәрі қамбасына оқыста дәл тигізіп, ондағы 600 мың дана зеңбірек оғы мен неше ондаған оқ-дәрі жарылып, күйрейді. Сонымен Ұлыбритания жөнінен алғанда соғыс жағдайы жақсара түседі. Германия армиясы екінші дүниежүзілік соғыс алдында «Келешектегі құрлық армиясы» деген бір кітапты байқайды. Бұл кітапта машиналы қосынмен жылжымалы соғысты қалай жүргізуге болатындығы баяндалған еді. Сонымен, Германия армиясы осыған негізделе отырып, көлемді танк қосынын құрып, небәрі 6 апта ішінде Ұлыбританияны жеңіп шығады. Бұл кітаптың авторы кейінгі Ұлыбританияның президенті болған екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com