- Негізгі бет
- Хронология
- Семейдегі Абыралы көтерілісінен...
Семейдегі Абыралы көтерілісінен басталған зобалаң
1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданында болған. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге табпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең аудандарында басталып, кейін іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болған шайқастар кезінде 60 адам оққа ұшып, 171 адам үштік соттың шешімімен атылған. 183 адам он жылдан астам уақытқа сотталып, сібірге айдалды. Мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, шет ел мен еліміздің әр тарабына босып кетті. Одан кейін елімізді жаппай жайлаған аштық салдарынан аудан халқы аштыққа ұшырап, халықтың үштен бірі ғана қалған. 1937-38 жылдардағы халық жауларынан тазарту мен отан соғысының зобалаңы келіп, елді мүлде тұралатып тастады. Ел енді есін жия бергенде, 1949 жылы КСРО-да ең алғаш рет сутегі атом бомбасы осы аудандағы Дегелең тауында сынақтан өткізілген. 1954 жылы халқы жан-жаққа көшіріліп, Абыралы ауданы біржола таратылды. Жері сынақ полигонына айналды.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: taraz.kz
Қ. Қауымбек