Жат жердің топырағы бұйырған қандастарымыз

Қазіргі кезде, қазақ диаспорасының саны да 10 миллионнан асады. Олардың төл Отанынан тыста қалуының белгілі бір тарихи себептері бар. Біршамасы туған жердің топырағын сағынып, сонда өмірден озған. Сіздерге жат жердің топырағы бұйырған қандастарымыз жайлы дерекнаманы ұсынамыз.

Әбу Насыр әл-Фараби – Қазіргі Сирияның Дамаск қаласындағы Баб әс-Сағир зиратында жерленген.

Бейбарыс Сұлтан – 1223-77 жылдары Мысырда билік құрған. Қыпшақ даласында туған даңқты әмірші Кайрде жерленген.

Мұхамед Хайдар Дулати – «Тарихи Рашиди» және «Жаһаннаме» дастандарының авторы. Үндістандағы Кашмир штатынындағы Мазари-и-Салатинде (Патшалар қорымы) жерленген.

Мұстафа Өзтүрік – Таэквондо спортынан әлемнің алты дүркін чемпионы. Стамбұлдағы зиратта жерленген.

Мұстафа Шоқай – Қазіргі Германияның астанасы Берлинде жерленген.

Мәжіт Айтбаев – Мұстафа Шоқайдың үзеңгілес серігі. Қалтай Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесу» атты пьесасындағы ақын Асанның прототипі. Топырақ Германияның Дрезден қаласынан бұйырыпты.

Қажығұмар Шабданұлы – «Қылмыс» трилогиясының авторы. Қытайдың Шәуешек қаласында жерленген.

Ресей

Қадырғали Жалайри – Рязань облысы, Қасымов қаласындағы мұсылман қорымында зираты орналасқан.

Құрманғазы Сағырбайұлы – Астрахань облысына қарасты «Құрманғазы төбе» деп аталатын жерде жатыр.

Әлихан Бөкейхан – Алашорданың құрылтайшыларының бірі. 1937 жылы Мәскеуде жерленді.

Сәлімгерей Жантөрин – Уфа қаласында жерленген.

Жүсіпбек Аймауытов – Мәскеуде жерленген. Оның қабірін 1970 жылға дейін белгісіз біреулер тазалап, күтіп жүрген. Кейін зират үсті тегістеліп кетті.

Мағжан Жұмабаев – Магадан облысы, Сусуман ауданы, Берелех ауылының маңында жерленген.

Елизавета Әлиханқызы Сәдуақасова – Әлихан Бөкейханның қызы, Смағұл Сәдуақастың жары, дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының докторы. Ұлы Отан соғысына өзі сұранып аттанған. 1971 жылы Мәскеуде жерленген.

Нығмет Нұрмақов – Алаш арысы. Зираты Мәскеу қаласында орналасқан.

Сұлтанбек Қожанов – Астананы Орынбордан Қызылордаға көшіруге және «киргиз» сөзін «қазақ» атауына ауысуында ерен қайрат көрсеткен. Ол да Мәскеуде жерленген.

Нәзір Төреқұл – КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі болған. Зираты Мәскеуде орналасқан.

Тұрар Рысқұлов – КСРО-ның Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты төрағасының орынбасары болған. Зираты Мәскеуде қойылған.

Ғани Мұратбаев – Коммунистік жастар интернационалының қайраткері. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі Ваганьков қорымында жерленді.

Ахмет Бірімжанов – I және II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған. Зираты Санкт-Петербургтегі Волков қорымында жатыр.

Қайырболат Майданов – Ауған соғысында Кеңес Одағының Батыры болған жалғыз қазақ. 1100 сағат уақытын әуеде өткізген. 1250 тапсырманы өз деңгейінде орындаған. 2000 жылы Шешенстандағы соғыста ерлікпен қаза тапқаннан кейін «Ресей Федерациясының Батыры» атағы берілді. Санкт-Петербургте жерленген.

Ерік Құрманбаев – Әйгілі опера әншісі. КСРО-дағы тұңғыш контартенор (операдағы ерлер дауысының ең жоғары диапазоны). Мәскеудегі Ваганьков зиратына қойылған.

Монғолия

Күлтегін батыр – Қапаған мен Білге Қағанның тұсында өмір сүрген түркі мемлекетінің даңқты қолбасшысы. Ежелгі тарихи-поэзиялық жазба деректер бойынша, 16 жасында бес қаруын асынып, ел қорғаған. Ағасы Тоныкөкті таққа отырғызып, өзі өмірінің соңына дейін ат арқасында ғұмыр кешкен. Тасқа қашалған Күлтегін жазуы бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы.

Мукрас Зайсанов – Алғашқы қазақ генералдарының бірі, аты аңызға айналған әйгілі ұшқыш. 1945 жылы Жапониямен болған соғыста теңдессіз ерлігі үшін генерал-майор атағын иемденген. Монғолия әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы болған. 1976 жылы даңқты батыр Ұлан-Баторда жерленген.

Өзбекстан

Тәуекел хан – 1583-98 жылдары билік құрған қазақ (қазақ және қалмақ) ханы. Бұқара қаласын алу үшін болған соғыста ауыр жараланып, Ташкентке келіп қайтыс болады. Самарқан қаласында жерленген.

Шығай хан – 1580-82 жылдары билік еткен қазақ ханы. Самарқанда жерленген.

Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы – Батыр қолбасшы, би. Салқам Жәңгірдің жоңғарлармен болған қақтығысында әскери қолдау берген. Батырдың денесі Самарқанның Дағбид қыстағында жерленген.

Әйтеке би – «Жеті Жарғыны»  жасаушылардың бірі. Әйтеке бидің қабірі Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының жанында орналасқан.

Төле би – Үш жүздің ұлыстарының басын біріктіріп, Тәукені хан етіп сайлауға ұйытқы болған. Ұлы жүздің биі Ташкенттің Шайқантәуір зиратында жерленген.

Сырым Датұлы – Қарақалпақстанда жерленген.

Ер Қосай – Ер Қосай мен жұбайы Оғылмеңлі ана Нөкіс қаласының Бестөбе жерінде жерленген.

Сабыр Рахымов – КОБ, гвардия генерал-майоры, даңқты қолбасшы. Ташкенттегі Кафанов саябағында жерленген.

Хайретдин Болғанбаев – Алашорда үкіметінің белсендісі, Ташкентте зираты орналастырылды.

Тағы да оқи отырыңыздар:

Қазақстан Ғылыми Энциклопедиясы #1

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: "Қара жәшік"

«Қазақ» газетінің тағы бір саны табылды

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: e-history.kz