- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: VIII бөлім...
Хронология: VIII бөлім
1778 ж. | Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болады. |
1783 ж. күзі | Сырым Датұлының Орал казак әскерімен кең түрде арпалыс жолына түсуі |
1783 ж. желтоқсан | Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. |
1784 ж. көктемде | Нұралы хан Сырымды тұтқыннан босатты. |
1784 ж. маусым | Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды. |
1784 ж. қараша | Сағыз өзені бойында Сырым әскерінің саны 1000-ға жетті. |
1785 ж. 17 ақпан | көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді. |
1785 ж. 15 наурыз | көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков пен Понамарев аттанды. |
1785 ж. | Кіші жүз старшындарының съезінде Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы шешім қабылдады. |
1785 ж. күзде | қазақ билерінің мәжілісінде Нұралы тұқымын хан тағына жолатпау туралы шешім қабылдады. |
1790 ж. | Нұралы Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болады. |
1786 ж. | Орынборда шекаралық комиссия құрылды. |
1787 ж. | Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. |
1790 ж. 21 қазан және 5 қараша | ІІ Екатерина бейбіт аудандардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. |
1791 ж. | Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлады. |
1794 ж. | Ералы хан қайтыс болады. |
1795 ж. | Есім хан болып сайланады. |
1796-1797 ж.ж. | қысқы жұт, ханның алым салықтары қайтадан көтерілістің тууына себеп болды. |
1797 ж. 17 наурыз | Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. |
1797 ж. күз | полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. |
1797 ж. | Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. |
1797 ж. күзде | Айшуақ хан болып бекітілді. |
1797 ж. | Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті. |
1802 ж. | Сырым Датұлы Хиуада қайтыс болды. |
1837-1847 ж.ж. | Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс |
ХІХ ғ. 20-30 ж.ж. | Хиуа хандығы Шекті,Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысына бекіністер орнатқызды. |
1822 ж. | Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. |
1824 ж. | көтерілісті Кенесарының ағасы Саржан Қасымұлы басқарды. |
1837 ж. қараша | Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекініс казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасады. |
1838 ж. 26 мамыр | Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. |
Сурет ғаламтордан алынған
Ж. FM