- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: тоғызыншы бөлім...
Хронология: тоғызыншы бөлім
1841 ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанды, бірақ жұқпалы
аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
1842 ж. Орынбор генерал-губернаторынан Обручев әскері жіберілді.
1842 ж. Сібірден Сотников әскері жіберілді.
1843 ж. 27 маусым І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан
тұратын тобын жіберуге келісім берді.
1843 ж. тамыз сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов
бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.
1843 ж. 1, 7 тамыз Көтерілісшілер казактардың орынборлық тобымен шайқасып,
қазақ сарбаздары шегінді.
1843 ж. 17 тамыз Бизанов тобы Ор бекінісіне оралды.
1844 ж. 20-21 шілде Кенесары көтерілісшілері сұлтан Жантөренің тобын қоршап,
44 сұлтанды мерт қылған.
1838 ж. желтоқсан Батыс Сібір генерал губернаторы князь Горчаковқа және І Николайға
арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесары
қазақ жеріне қатысты бірнеше талаптар қойған.
1845 ж. сәуір Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.
1845 ж. жаз Патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды
(Ырғыз,Торғай өзендері бойында бекіністер).
1845 ж. қазан,қараша Көтерілісшілердің Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алуы,
көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұрды.
1847 ж. сәуір Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
1847 ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.
1841 ж. Кенесары феодалдық мемлекет құрды.
1801 ж. 11 наурыз император І Павел жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен
Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы құрылды.
1827 ж. Ішкі Орда ханы Жәңгір Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды.
1827 ж. 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды.
1833 ж. Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі
өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліс тудырды.
1817,1823 ж.ж. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен Исатай Тайманов сотқа тартылды.
1804-1846 ж.ж. Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар
1829 ж.15 шілде-
1830 ж.қыркүйек Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды.
1836 ж. ақпан Көтеріліс халық-азаттық сипатта болып,
ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
1836 ж. 17 наурыз Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.
1836 ж. қазан Исатай маңына 20 ауыл көшіп келді.
1837 ж. 30 наурыз Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті ұстап, сотқа тартуды өтінді.
1837 ж. 2 қазан 200 казактан тұратын топпен Исатайды қамауға алу талпынысы іске аспады.
1837 ж. 15 қазан Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Балқы бидің ауылын ойрандатты.
1837 ж. 24 қазан Исатай 1500 сарбазымен хан ауылына қауіп төндірді.
1837 ж. 15 қараша Тастөбе шайқасы
Сурет ғаламтордан алынған
Ж. FM