1863 ж.
Ресей құрамына 4 мың шаңырақ қоңырат, 5 мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.
1864 ж. көктем
Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиата, Түркістан бекіністерін алды.
1864 ж. 22 қыркүйек
Түркістан жағынан Черняев тобы, Әулиата жағынан Ларке тобы шабуылдап Шымкент алынды.
1865 ж. шілде
Ташкент 3 күндік шайқастан кейін алынды.
1866 ж.
Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулады.
1867 ж.
Хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енді.
1868 ж. қаңтар
Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығы бағындырылды.
1873 ж.
Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
ХVІІ ғ. 30-ж.ж бастап
Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі 1,5 ғасырға созылды.
ХІХ ғ. 60-ж.ж.
Қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін Бутаков бастаған комиссия құрылды.
1865 ж. шілде
Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 ж. 5 маусым
ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды.
1867 ж. 11 шілде
"Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді.
1868 ж. 21 қазан
"Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді.
1870 ж.
Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.
1872 ж.
Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды.
1867-1868 ж.ж.
Қабылданған реформалар екі жылға уақытша енгізілгенімен, бұл тәжірибе 20 жылға созылды.
1867-1868 ж.ж.
Реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті.
1868 ж. желтоқсан-1869 ж. қазан
Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды
1869 ж. 6 мамыр
Жамансай көлі маңында 20 000 көтерілісші фон Штемпель тобын 7 күн бойын қоршап, жазалаушылар шайқаспай әскери шепке қайта кетті.
1869 ж. наурыз-маусым
3000 шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады.
1870 ж.
Маңғыстауда шаруалар көтерілісі болды.
1870 ж. 16 наурыз
Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы "Ережелерге" қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.
1870 ж. 5 сәуір
КөтерілісшілерАлексанровск фортына шабуылдады.
1870 ж. мамыр
Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.
1870 ж. желтоқсан
И.Тіленбайұлы, Д. Тәжіұлы, И.Көлұлы бастаған 3000 шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.
ХІХ ғ. 70-80 ж.ж.
Қазақ жұмысшыларының күресі Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
ХІХ ғ. 60 - ж.ж.
Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.
ХІХ ғ. 70-80 ж.ж.
Жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды.
1868 ж.
"Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы" ереже.
Сурет kk.wikipedia.org сайтынан алынған