- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: он тоғызыншы...
Хронология: он тоғызыншы бөлім
1916 ж. 10-12 қыркүйек | Масловтың жазалаушы отряды оққа ұшырады. |
1916 ж. қазан | Патша әкімшілігінің "Қырғыздарды көшіру туралы" шешімі шықты. |
1916 ж. 9 қыркүйек | Жазалаушылар Бекболат Әшекеевті Боралдай асуында дарға асты. |
1916 ж. қазан | Жетісу көтерілісі талқандалды. |
1916 ж. қыркүйек | Көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. |
1916 ж. 26 қараша | Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. |
1916 ж. 22 қазан | Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. |
1916 ж. қараша-1917 ж. ақпан | Батпаққара жазығы мен Аққұм маңында Амангелді әскерлері күресті. |
1916 ж. 1-3 желтоқсан | ІV Мемлекеттік думада А.Ф.Керенский Түркістанға барған сапары туралы баяндады. |
1917 ж. 27 ақпан | Ресей буржуазиялық-демократиялық төңкерісі басталды. |
1917 ж. ақпан | ІІ Николай билігі ыдырап, монархия құлап, елде Қосүкімет орнады: Уақытша Үкімет және Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңесі. |
1917 ж. наурыз-сәуір | Уақытша үкіметтің қазақ жеріндегі органдары пайда болды. |
1917 ж. 14 наурыз | "Бұратаналарды" тыл жұмысына алу тоқтатылды. |
1917 ж. 18наурыз | "1916 жылғы көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру" туралы қаулы. |
1917 ж. 20 наурыз | "Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы" қаулы. |
1917 ж. 5 мамыр | "Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы" қаулы. |
1917 ж. 8 қыркүйек | "Жетісу облысының 1976 жылғы көтерілістен зардап шеккендерге қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы" қаулы. |
1917 ж. наурыз-сәуір | Жұмысшы және Солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. |
1917 ж. мамыр-маусым | Шаруалар Депутаттарының Кеңестері құрылды. |
1905 ж. | Қазақ зиялылары "Алаш" қозғалысын құрған болатын. |
1917 ж. | Қазақ зиялылары "Алаш" партиясын құрды. |
1869-1937 ж.ж. | "Алаш" партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханов өмір сүрген жылдар. |
1917 ж. сәуір | Қазақтардың Жетісудағы облыстық съезі. |
1917 ж. 27 сәуір-7 мамыр | Қазақтардың Семейде өткен облыстық съезі. |
1917 ж. 21-26 шілде | Орынбор жалпықазақ съезі. |
1917 ж. мамыр | Мұсылмандардың бүкілресейлік съезі. |
1917 ж. қыркүйек | Түркістан федералистер партиясы құрылды. |
1917 ж. 17-20 қыркүйек | Түркістан және қазақ мқсылмандарының съезі. |
1917 ж. күзде | "Үш жүз" партиясы құрылды. Жетекшісі: Көлбай Тоғысов. |
1918 ж. қаңтар айынан бастап | "Үш жүз" партиясы Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты. |
Сурет kk.newikis.com сайтынан алынған
Ж. FM