ХІХ ғ. 20 ж.ж.
Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздің оңтүстік бөліктері, Хиуа, Қоқан хандықтарының иелігінде болды.
1812 ж. 1816 ж. 1820 ж.
Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның қазақ жеріне жорықтары.
1820 ж. ақпан
Хиуа ханы 10 мың әскермен мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 ж.
Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды.
1817 ж
Сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды.
1825 ж.
Жетісудың 20 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
1831 ж.
Хиуа ханы Аллақұл қазақ жеріне шабуыл жасады.
1847 ж.
Оңтүстік Қазақстан аумағы Ресей билігін мойындамады.
ХІХ ғ. 20-30 жылдары
"Азия комитеті" құрылды.
1825 ж.
Қаратал өзені бойына орыс топтары келді.
1846 ж.
Қызылағаш өзені бойына орыс топтары келді.
1847 ж.
Қапал бекінісі салынды.
1848 ж. 10 қаңтар
Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.
1851 ж. 7 шілде
Таушүбек бекінісі (Қаскелең өзені) Ресейге қантөгіссіз берілді.
1853 ж.
Ақмешіт Перовск деп атала бастады.
1853 ж. 2 сәуір
Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт бекеттер салу туралы тапсырма берді.
1854 ж. көктем
Гасфорт тапсырмасы бойынша Көксу мен Іле арасына бекеттер салынды.
1853 ж.
Ұлы жүз приставы майор Перемышельский тобы Іле бекетін тұрғызды.
1854 ж. көктем
Алматы қонысының орнына Верный бекінісі салынды.
1854 ж. күзде
Верныйға Іле тобының 470 әскері қоныстанды.
1855 ж.
Верныйға Сібірден 400 отбасы қоныстанды.
1855 ж.
Верный бекінісінің салынуы қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындатуын тездетті.
1855 ж. жаз
Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға көшірілді.
1857 ж. 9 қаңтар
Тұңғыш су диірмені салынды.
1858 ж.
Сыра зауыты салынды.
ХІХ ғ. 60 ж.ж.
Шоқан Уәлиханов Верныйда болған.
1859 ж.
Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл қойды.
1860 ж. 26 тамыз
Циммерман тобы Тоқмақты алды.
1860 ж. 4 қыркүйек
Циммерман тобы Пішпекті алды.
1860 ж. 19-21 қазан
Алатау округінің билеушісі Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді.
1862 ж. қазан
Пішпектің екінші рет алынуы Қоқан билігіне қарсы қазақ, қырғыздардың қарсылығын ұлғайтты.
сурет ғаламтордан