| ХІХ ғ. 20 ж.ж. | Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздің оңтүстік бөліктері, Хиуа, Қоқан хандықтарының иелігінде болды. |
| 1812 ж. 1816 ж. 1820 ж. | Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның қазақ жеріне жорықтары. |
| 1820 ж. ақпан | Хиуа ханы 10 мың әскермен мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады. |
| 1821 ж. | Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре бастаған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. |
| 1817 ж | Сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды. |
| 1825 ж. | Жетісудың 20 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді. |
| 1831 ж. | Хиуа ханы Аллақұл қазақ жеріне шабуыл жасады. |
| 1847 ж. | Оңтүстік Қазақстан аумағы Ресей билігін мойындамады. |
| ХІХ ғ. 20-30 жылдары | "Азия комитеті" құрылды. |
| 1825 ж. | Қаратал өзені бойына орыс топтары келді. |
| 1846 ж. | Қызылағаш өзені бойына орыс топтары келді. |
| 1847 ж. | Қапал бекінісі салынды. |
| 1848 ж. 10 қаңтар | Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды. |
| 1851 ж. 7 шілде | Таушүбек бекінісі (Қаскелең өзені) Ресейге қантөгіссіз берілді. |
| 1853 ж. | Ақмешіт Перовск деп атала бастады. |
| 1853 ж. 2 сәуір | Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт бекеттер салу туралы тапсырма берді. |
| 1854 ж. көктем | Гасфорт тапсырмасы бойынша Көксу мен Іле арасына бекеттер салынды. |
| 1853 ж. | Ұлы жүз приставы майор Перемышельский тобы Іле бекетін тұрғызды. |
| 1854 ж. көктем | Алматы қонысының орнына Верный бекінісі салынды. |
| 1854 ж. күзде | Верныйға Іле тобының 470 әскері қоныстанды. |
| 1855 ж. | Верныйға Сібірден 400 отбасы қоныстанды. |
| 1855 ж. | Верный бекінісінің салынуы қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындатуын тездетті. |
| 1855 ж. жаз | Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға көшірілді. |
| 1857 ж. 9 қаңтар | Тұңғыш су диірмені салынды. |
| 1858 ж. | Сыра зауыты салынды. |
| ХІХ ғ. 60 ж.ж. | Шоқан Уәлиханов Верныйда болған. |
| 1859 ж. | Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл қойды. |
| 1860 ж. 26 тамыз | Циммерман тобы Тоқмақты алды. |
| 1860 ж. 4 қыркүйек | Циммерман тобы Пішпекті алды. |
| 1860 ж. 19-21 қазан | Алатау округінің билеушісі Колпаковский әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. |
| 1862 ж. қазан | Пішпектің екінші рет алынуы Қоқан билігіне қарсы қазақ, қырғыздардың қарсылығын ұлғайтты. |
сурет ғаламтордан
Ж. FM