- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: жиырмасыншы бөлім...
Хронология: жиырмасыншы бөлім
1917 ж. | Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралды, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды. |
1917 ж. көктем | Өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. |
1917 ж. жазына қарай | Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды. |
1917 ж. мамыр | Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілдері болды. |
1917 ж. маусым | Атбасар уезінің Красивая деревнясында қоныс аударушы шаруалар қазынаның астық қоймасынан 12 мың пұт астық алып кетті. |
1917 ж. 29 тамыз | Перовскіде бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылданды. |
1917 ж. 5 қыркүйек | Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. |
1917 ж. қыркүйекте | Петропавлда жұмысшылар Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын тарату туралы шешім қабылдады. |
1917 ж. қазан | Жетісуда шаруалар Уақытша үкіметке сенбейтіндіктерін білдірді. |
1917 ж. 24-25 қазан | Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойылды. |
1917 ж. 15-22 қараша | Түркістан өлкесінде "Түркістан халық Комиссарлар Кеңесі" орнады. |
1917 ж. 22 қараша | Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. |
1917 ж. 30 қараша | Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болып, революцияны қорғау туралы ант қабылданды. |
1918 ж. қаңтар | Кеңестердің Өлкелік ІV съезінде Түркістан Автономиясының жариялануын мейлінше мезгілсіз деп есептеді. |
1918 ж. қаңтар | Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. |
1918 ж. 5 ақпанда | Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді. |
1917 ж. 5-13 желтоқсан | Орынборда жалпы қазақ съезі. |
1917 ж. 21 қараша | "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасын жариялады. |
1917 ж. қараша-1918 ж. қаңтар | Сайлау нәтижесінде қазақ еңбекшілерінің көпшілігі "Алаш" партиясын қолдайтынын көрсетті. |
1917 ж. 30 қазан | Перовскіде Кеңес Өкіметі бейбіт жолмен орнады. |
1917 ж. 1 қараша | Ташкентте Кеңес өкіметі қарулы күреспен орнады. |
1917 ж. қараша | ӘулиеатадаКеңес Өкіметі бейбіт жолмен орнады. |
1917 ж. қараша | Черняевта (Шымкент) Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады. |
1917 ж. 25 желтоқсан | Қостанайда Кеңес өкіметі қарулы күреспен орнады. |
1917 ж. желтоқсанның аяғы | Көкшетауда Кеңес өкіметі орнады. |
1917 ж. 2 желтоқсан | Бөкей ордасында Кеңес өкіметі орнады. |
1918 ж. 16-17 ақпан | Семейде Кеңес Өкіметі орнады. |
1918 ж. қаңтардың аяғы | Павлодарда Кеңес өкіметі орнады. |
1917 ж. қарашада | Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі қазақтардың "Әскери үкіметі" қолына көшті. |
1918 ж. 18 қаңтар | Орынборда қарулы күреспен Кеңес өкіметі орнады. |
Сурет ru.wikipedia.org сайтынан алынған
Ж. FM