- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: жиырма үшінші...
Хронология: жиырма үшінші бөлім
1927 ж. | 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн. сомға жетті. |
1921- 1929 ж.ж. | ЖЭС шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды. |
1920 ж. 17 сәуір | А. Байтұрсынов В. И. Ленинге хат жолдап Қазақ елін билеудің екі жолын ұсынды: күшпен билеу және өзін-өзі билеу құқығын беру. |
1920 ж. 10 маусым | «Түркістанның бұратана коммунистерінің өкілдері» В. И. Лениннен кеңестік автономияға ұлттық мемлекеттік статус беруін талап етті. |
1919 ж. 19 қыркүйек | Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды. |
1920 ж. 7 шілде | Орынбор республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920- 1924 ж.ж.) болды. |
1924 – 1929 ж.ж. | Қазақ республикасының астанасы Ақмешіт (Қызылорда) болды. |
1929 ж. | Осы кезден Қазақ республикасының астанасы Алматы болды. |
1921 ж. | Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚАКСР- не берілді. |
1921 ж. | Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. |
1921 ж. маусым | Орал губерниялық Партия комитеті Жайықтың сол жағалауындағы 10 шақырымдық өңірді қайтару туралы декретке наразылық білдіріп, Орал облысын ҚАКСР- інен бөлу туралы өтініш берді. Алайда партияның Орталық Комитеті өтінішті қабылдамады. |
1924 ж. | Орта Азияны ұлттық мемлекеттік жағынан мәжелеу. |
1925 ж. 15- 19 сәуір | Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қақақстандық V съезінде «қырғыз- қазақ» атауы берілді. |
1936 ж. 9 ақпан | ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен «қазақтар» атауы берілді. |
1921 ж. 4- 10 қазан | Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі. |
1902- 1924 ж.ж. | Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы. |
1921 ж. 1 қаңтар | КОБОС-тың қазақ облыстық бюросы ұйымдастырылды. |
1921 ж. қазан | Кәсіподақтардың республикалық 1-конференциясы болды. |
1922 ж. 9 мамыр - 12 маусым | Ә. Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» экспедициясы. |
1921 ж. қаңтар | «Қырғыз (Қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет шықты. |
1923 ж. 22 қараша | «Қырғыз (Қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет. |
1927 ж. мамыр | « Қазақ уездік, округтік мекемелерде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу» жөнінде шаралар. |
1928 ж. 1 қаңтар | « Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу» жөнінде шаралар. |
1925 ж. желтоқсан | Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы. |
1928 ж. | Республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. |
1925 ж. желтоқсан | БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. |
1925 – 1933 ж.ж. | Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы Ф. И. Голощекин қызметіне кірді. |
1930 ж. | VII Өлкелік партия конференциясы. |
1927 ж. | Түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. |
1894 – 1938 ж.ж | Т. Рысқұлов РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. |
Форумда талқылау
Сурет astanatv.kz сайтынан алынған
Ж. FM