Хронология: жиырма төртінші бөлім

1931 ж. қаңтар Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
1935 ж. желтоқсан  Республиканың  түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті. 1927 ж. 1 қазан  Республикада кооперация шаруа қожалықтарының 23, 1 %- ын қамтыды. 1925 ж.  Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. 1928 ж. қаңтар-ақпан И. В. Сталиннің Сібірге сапары. 1928 ж. 27 тамыз «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. 1927 ж. желтоқсан  Партияның  XV съезі ауыл шаруашылығын  ұжымдастыру бағытын жариялады. 1929 ж. Республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. 1929 ж. «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1929 ж.  56,498 шаруа жауапқа тартылып,  34 мыңы сотталды. 1931 ж.  5500 отбасы жер аударылды. 1930 – 1932 ж.ж.  Аштық жайлады. Ол «ұлы жұт» ретінде тарихқа енді. 1932 ж. шілде  Аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды. 1933 ж. наурыз  РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұловтың Сталинге хаты. 1930- 1933 ж.ж.   2,1 млн. адам қырылды.  1929 -1931 ж.ж. 

 

Өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.

1930 ж. ақпан-мамыр  Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болды. 1932 ж. 17 қыркүйек  «Қазақстанның ауыл шаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылданды. 1933- 1937 ж.ж.  200- ге  жуық совхоз құрылды. 1935 ж. ақпан  Екпінді колхозшылар съезінде ауылшаруашылық артелінің жаңа үлгі жарғысы қабылданды. 1938 ж. қараша  Қиыр Шығыстағы  корей ұлты ауданынан Қазақстанға 102 мың  адам (18536 отбасы) көшірілді. 1924 ж. сәуір  «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1921 – 1927 ж.ж.  200 мың адам оқып сауатын ашты. 1926 ж. мамыр  «ҚАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қабылданды. 1928 ж.  Комсомолдар бастамасымен  Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1931 ж. желтоқсан  «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді. 1930 -1932 ж.ж Аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді. 1932 ж. күз  Балалар үйлеріне 68 мың жетім бала орналыстырды. 1932 ж.  Шығыс Қазақстанда 1687 бала қайтыс болды. 1934- 1935 ж.ж.  Интернаттар саны 127-ден 221-ге көбейді.

Форумда талқылау

Сурет kk.wikipedia.org сайтынан алынған