- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: жиырма төртінші...
Хронология: жиырма төртінші бөлім
1931 ж. қаңтар | Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. |
1935 ж. желтоқсан | Республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті. |
1927 ж. 1 қазан | Республикада кооперация шаруа қожалықтарының 23, 1 %- ын қамтыды. |
1925 ж. | Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. |
1928 ж. қаңтар-ақпан | И. В. Сталиннің Сібірге сапары. |
1928 ж. 27 тамыз | «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. |
1927 ж. желтоқсан | Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. |
1929 ж. | Республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. |
1929 ж. | «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. |
1929 ж. | 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. |
1931 ж. | 5500 отбасы жер аударылды. |
1930 – 1932 ж.ж. | Аштық жайлады. Ол «ұлы жұт» ретінде тарихқа енді. |
1932 ж. шілде | Аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды. |
1933 ж. наурыз | РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұловтың Сталинге хаты. |
1930- 1933 ж.ж. | 2,1 млн. адам қырылды. |
1929 -1931 ж.ж. |
Өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті. |
1930 ж. ақпан-мамыр | Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болды. |
1932 ж. 17 қыркүйек | «Қазақстанның ауыл шаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылданды. |
1933- 1937 ж.ж. | 200- ге жуық совхоз құрылды. |
1935 ж. ақпан | Екпінді колхозшылар съезінде ауылшаруашылық артелінің жаңа үлгі жарғысы қабылданды. |
1938 ж. қараша | Қиыр Шығыстағы корей ұлты ауданынан Қазақстанға 102 мың адам (18536 отбасы) көшірілді. |
1924 ж. сәуір | «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. |
1921 – 1927 ж.ж. | 200 мың адам оқып сауатын ашты. |
1926 ж. мамыр | «ҚАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қабылданды. |
1928 ж. | Комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. |
1931 ж. желтоқсан | «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру» енгізілді. |
1930 -1932 ж.ж | Аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді. |
1932 ж. күз | Балалар үйлеріне 68 мың жетім бала орналыстырды. |
1932 ж. | Шығыс Қазақстанда 1687 бала қайтыс болды. |
1934- 1935 ж.ж. | Интернаттар саны 127-ден 221-ге көбейді. |
Форумда талқылау
Сурет kk.wikipedia.org сайтынан алынған
Ж. FM