- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: жиырма екінші...
Хронология: жиырма екінші бөлім
1921 ж. ақпан | 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. |
1921 ж. наурыз | Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. |
1921-1922 ж.ж. | Жаппай ашаршылық. |
1921 ж. наурыз | Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның Х съезі). |
1921 ж. наурыз-сәуір | Өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. |
1921 ж. маусым | Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференцисында Қазақстанда ЖЭС- ке көшу туралы айтылды. |
1921 ж. қараша | Ашығушылар республика халқының 1 млн. 508 мыңын қамтыды. |
1922 ж. наурыз | Ашығушылар республика халқының 2 млн. 303200 адам қамтыды. |
1922 ж. маусым | Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82 %- ға жетті. |
1921 ж. 14 маусым | «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. |
1922 ж. | Егістіктің 60 %- на Кеңес үкіметі берген дән себілді. |
1922 ж. 4 тамыз | Ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді. |
1922 ж. | Мал сатып алу үшін 2млн. 131 мың сом бөлінді. 575 балалар үйі, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18, 5 мың баланы РКФСР ге әкетті. |
1921ж. сәуір | Патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. |
1921 ж. | Жетісуда жер реформасы жүргізілді. |
1921 -1922 ж.ж. | Аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. |
1921 ж. | «Қосшы одағы» құрылды. |
1921 ж. наурыз | Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды. |
1924 ж. 1 қаңтар | Ақшалай салық енгізілді. |
1924-1925 ж.ж. | Республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. |
1924 ж. | Егіс көлімі 2,1 млн. га өсті, ал мал шаруашылығы 24,8 млн. өсті. |
1928 ж. | Егіс көлімі 4млн. Ға өсті, ал мал шаруашылығы 41 млн. өсті. |
1924 ж. | Шаруа қожалықтары 737 мыңға жетті. |
1928 ж. | Шаруа қожалықтары 1 млн. 333 мыңға жетті. |
1928 ж. | Шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. |
1922 ж. | Ағылшын кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұз концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданды. |
1920 ж. | Шымкент сантонин зауыты салынды. |
1923 ж. | Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40 %- ын берді. |
1927-1928 ж.ж. | Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды. |
1921 ж. 24 мамыр | «Айбарыс туралы» декрет жарияланды. |
Форумда талқылау
Сурет writers.kz сайтынан алынған
Ж. FM