- Негізгі бет
- Хронология
- Хронология: жиырма бірінші...
Хронология: жиырма бірінші бөлім
1918 ж. 8 қаңтар | Ақтөбеде Кеңес өкіметі орнады. |
1918 ж. 15-16 қаңтар | Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылданды. |
1918 ж. басы | Ырғыз, Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады. |
1918 ж. 15 қаңтар | Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды. |
1918 ж. 28-29 наурызда | Орал өңірінде үлкен төңкеріс болып, Кеңес өкіметін құлатты. |
1918 ж. 2-3 наурызда | Верныйда Кеңес өкіметі күреспен орнады. |
1918 ж. наурыз | Жетісу облысында Кеңес өкіметі орнады. |
1917 ж. қазан-1918 ж. наурыз | Кеңес өкіметі барлық өлкеде түгел орнады. |
1918 ж. 21 наурыз-3 сәуір | Орынбордағы Кеңестердің Торғай облыстық І съезі өтті. |
1918 ж. наурыз | Кеңестердің Ақмола облысық съезі. |
1918 ж. наурыз | Алашорданың "Қазақ" газеті жабылды. |
1918 ж. 20 сәуір-1 мамыр | Ташкенттегі Түркістан өлкесі Кеңесінің төтенше V съезі. |
1918 ж. 17 мамыр | "Суландыру жұмыстарына 50 млн.сом қаржы бөлу туралы" декрет қабылданды. |
1918 ж. наурыз | Торғай облыстық кеңестер съезі болды. |
1918 - 1920 ж.ж. | Азамат соғысы жылдары. |
1918 ж. наурыз | Ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді. |
1918 ж. сәуір | Қиыр шығыста жапон интервенциясы басталды. |
1918 ж. күзде | Интервенттер бүкіл Қиыр Шығысты жаулады. |
1918 ж. мамыр | Антанта империалистері чехославак корпусын бүлік шығаріға айдап салды. |
1918 ж. 29 наурызда | Ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулап алды. |
1918 ж. маусымда | Атаман Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. |
1918 ж. тамызда | Семей қаласында 1-Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. |
1918 ж. қараша | Атаман Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. |
1918 ж. жазда | Кеңес елі үшін ең басты майдын — Шығыс майданы. |
1918 ж. 29 мамыр | "Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау" туралы декрет қабылданды |
1918 ж. 17 қараша | "Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша әскери өлшемдерге еркін топтау" рұқсаты берілді. |
1918 ж. күз | Бөкей Ордасында кеңестік тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылып, кейін майдандағы ерлігі үшін БОАК-тың құрметті Қызыл туымен марапатталады. |
1920 ж. | Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды. |
1920 ж. наурызда | Торғай облысында 6мыңнан астам адам мобилизацияланды. |
1920 ж. мамыр | 19-35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды. |
1919 ж. 22 қаңтар | Орынбор азат етілді. |
1919 ж. 26 қаңтар | Орал қаласы жау шебінен босатылды. |
1919 ж. 12-13 наурыз | Колчак тобына қарсы Львов, Денисов деревняларында партизан соғыстары болды. |
1919 ж. 27 наурыз | Долбушин, Боровский, Камен, Белояр деревнясында Колчак тобына қарсы партизан соғысы өтті. |
1919 ж. 5 сәуір | 25 мыңдық паризан отрядтары Қостанайды колчакшылардын азат етті. |
1919 ж. маусым | Оңтүстік топ әскерлері Уфаны азат етті. |
1919 ж. шілде | 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатты. |
1919 ж. жазы | Қызыл Армия Челябіні азат етті. |
1919 ж. қыркүйек | 1-армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті. |
1919 ж. қараша | Қызыл Армия Ілбішін мен Жымпитыны азат етті. |
1919 ж. соңы | Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. |
1920 ж. қаңтар | Орал майданы жойылды. |
Сурет: kk.wikipedia.org
Ж. FM