| 1928 ж. | Тұңғыш педагогикалық институт ашылды. |
| 1929 ж. | Алматы зоотехникалық малдәргерлік институты ашылды. |
| 1930 ж. | Қазақтың ауылшаруашылық институты ашылды. |
| 1931 ж. наурыз | Алматы медицина институты ашылды. |
| 1931 -1932 ж.ж. | Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. |
| 1934 ж. | С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. |
| 1934 ж. | Қазақ кен-металлургия институты ашылды. |
| 1925 – 1932 ж.ж. | Педтехникумдар саны 29-ға жетті. |
| 1933 ж. 2 қыркүйек | «Қазақстан үшін кадрлар даярлау» туралы Қауылы жарияланды. |
| 1920 ж. | Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. |
| 1926 ж. | М. Е. Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді. |
| 1932 ж. | КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. |
| 1935 ж. | «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» жарыққа шықты. |
| 1913 ж. | М. Жұмабаевтың «Шолпан» жыр жинағы жарыққа шықты. |
| 1934 ж. 12- 18 маусым | Қазақстан жазушыларының I съезі өткізілді. |
| 1922 ж. | Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді. |
| 1925 ж. | Әміре Қашаубаев Париждегі концертте ән шырқап, күміс медаль иеленді. |
| 1926 ж. 13 қаңтар | Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. |
| 1933 ж. | Алматыда ұйғыр музыкалық- драма театры ашылды. |
| 1933 ж. | Қызылордада корей театры ашылды. |
| 1934 ж. | Тұңғыш рет хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. |
| 1938 ж. | Бірінші дыбысты фильм «Амангелді» түсірілді. |
| 1934 ж. | Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. |
| 1934 ж. | Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. |
| 1936 ж. | Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды. |
| 1936 ж. | Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы он күндігі өткізіліп, «Қыз Жібек», «Жалбыр» опералары көрсетілді. |
| 1939 ж. | А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды. |
Сурет khabar.kz сайтынан алынған
Ж. FM