Назарларыңызға АҚШ долларының тарихи қалыптасу хронологиясын ұсынамыз
1690: Отарлық кезең
Америка құрлығында қалыптасқан Біріккен Корольдіктің отарлары тәуелсіздікке қол жеткізбес бұрын ағылшын, испан және француз ақша бірліктерін қолданған. Ал Массачусетс түбегінің саудагерлері XVII ғасырдың соңғы ширегінде отар жерлерде ғана қолданысқа ие қағаз ақшаны айналымға енгізеді.
1775: Континенталды валюта
Американ колонистері тәуелсіздік үшін соғысты қаржыландыру мақсатында жаңа ақша бірлігін Континенталды Конгреске ұсынады. Ұсыныс қабылданып, алғашқы доллардың белгісі бар валюта шығарылады. Дегенмен, қағаздың сапасы сыр беріп, ақша континенталдық деңгейде қолданысқа ене алмайды.
1 доллар. Джордж Вашингтонның портреті
5 доллар. Авраам Линкольннің портреті
1781: Бірінші Ұлттық Банк
Континенталды Конгресс соғысты қаржыландыруды жалғастыру мақсатында Филадельфиядағы Солтүстік Америка Банкін «Ұлттық Банк» деп жариялайды.
1785: Жасыл фон
Континенталды Конгресс долларды «ұлттық валюта» деп қабылдады. Дегенмен, ол кезде долларды басып шығаратын жеке компаниялар қаптап кеткен болатын. Елде қаржы қылмыстары көбейеді.
1789: Валюта заңдылығы
1789 жылы конституция қабылданғаннан кейін Конгресс АҚШ-тың Ұлттық Банкіне қағаз банкноттарды шығаруды тапсырады. Содан кейін заңсыз банкнот жасау жойылады. Ұлттық Банк АҚШ-тың қаржы қоры қызметін де атқарады.
1792: Америкалық тиындар алаңы
Федералды ақша бірлігінің жүйесі Филадельфияда доллар тиындарын жасайтын арнайы орталық ашады. 1793 жылы алғашқы тиындар қолданысқа енеді.
1816: Екінші Америкалық Банк
АҚШ-тың жиырма жылдық Хартиясы есебінде Екінші Ұлттық Банк құрылады.
10 доллар. Александр Гамильтонның портреті
20 доллар. Эндрю Джексонның портреті
1836: Ұлттық Банк ескертеді
Ақша айналымының бақылауы қиындап, АҚШ қаржы дағдарысына тап болады. Жеке меншік банктер өздерінің банкноттарын қайта шығара бастайды. Ұлттық Банк 30 000 жасанды банкнотты тәркілейді.
1861: Азаматтық соғыс
АҚШ жаңа дағдарыс алдында тұрған еді. Америкалық Конгресс азаматтық соғысты қаржыландыру үшін Ұлттық Банкке ақша бірлігінің жаңа нұсқасын шығаруды тапсырады. Оларды «Вексел» деп атайды.
1862: Доллар
Жасыл түсіне байланысты «доллар» деп аталып кеткен векселдер соңғы рет 1971 жылы шығады. Конгресс тағайындаған қаржы министрлігінің алты қызметкері ұлттық банкнотты тек мемлекеттік мекеме ғана басып шығару құқығына ие екендігі туралы заңға қол қояды.
1863: Дизайн
Америкалық валютаның дизайны қазына мөрі, қолдан жасалмағанын дәлелдейтін арнайы белгі, баспа станогінің күрделі геометриялық гравюралары, қызыл және көк сызықтары бар өрнектерді қамтиды.
50 доллар. Улисс Грант портреті
100 доллар. Бенджамин Франклин портреті
1865: Құпия қызмет
Ұлттық Қазынаның құпия қызметі банкноттардың қолдан жасалуын бақылау мақсатында арнайы бөлім ашады. Себебі, сол кездегі айналымда жүрген банкноттардың үштен бір бөлігі жалған ақша болатын.
1877: Гравюра және мөрлер бюросы
Қазынаның гравюра және мөрлер бюросы валютаны шығаруды толық еншісіне алды.
1878: Айырбастау
Қолдан жасалған жалған банкноттарды айырбастау үдерісі жалғаса берді. Соңғы айырбастау 1957 жылы тіркелген.
1913: АҚШ-тың Федералды Қор жүйесін құру туралы заң
1893 және 1907 жылдары орын алған дағдарыстардан кейін, 1913 жылы Федералды Қор жүйесін (ФҚЖ) құру туралы заң қабылданады. ФҚЖ Ұлттық Банкті Қазыналық қызметтен босатады. Енді Федералды Қор банкноттарың бүкіл баспа орталықтарын біріктіре бастайды.
1929: Тұрақты дизайн
Валютаның көлемі 25 пайызға кішірейтіледі. Сосын басты бетке тұлғалардың портреті қойылып, артына елтаңба мен тарихи ескерткіштер қойылады.
1957: Біз Құдайға сенеміз (In God We Trust)
АҚШ елінің ұраны "In God We Trust" алғаш рет ақша бірлігінде басып шығарылады.
1990: Қауіпсіздікті дамыту
Қауіпсіздікті қаматамсыз ету негізінде микромөр енгізіледі. Соның есебінен қолдан басып шығару тағы 25 пайызға азаяды. Алғаш микромөрлер 100$, 50$ және 20$ банкноттарда басылады. 1993 жылға келіп, 1$-дан басқа барлық банкноттар микромөрсіз шығарылмайтын болады.
1994: Валютаны заманауи қалыпқа келтіру
Қаржы министрі ақша бірлігін жаңарту жобасын ұсынады. Қазіргі айналымда жүрген 100$ банкнот 1996 жылы, 50$ – 1997 жылы және 20$ – 1998 жылы енгізіледі. Көзі нашар көретін адамдарға арнайы доллардың оң жақ төменгі шетінде жанасу арқылы байқалатын сандық мөлшердің бағамы жазылады.
penny (1 цент), nickel (5 цент), dime (10 цент), quarter (25 цент), half dollar (50 цент)
1998: 50 штаттың өзара келісімі
Келісімнің негізі жаңа квотерлерді (доллардың төрттен бір бөлігі) ескі нұсқаларына ауыстыру үдерісін барлық штаттарда қолға алу болып табылады. Жаңа квотердің дизайны ұлттың тарихи және дәстүрлі ескерткіштерін қамтиды.
2000: 5$ және 10$ банкноттарды жаңалау
АҚШ-тың Ұлттық Қоры әлі күнге дейін жалған ақша жасаумен күресіп келеді. Соның аясында әр банкноттың құрылымын күрделендіре бастайды. Аталған банкноттардың алдыңғы бетіне Авраам Линкольн (5$) мен Александр Гамильтонның (10$) портреттері қойылады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет:www.xe.com