Құрметті Массагет оқырмандары! Сіздерге айтар бір жаңалығымыз бар. Осы аптаның бейсенбі күні сағат 14.00-де сайтымызда онлайн-сабақ өтеді!
Онлайн-сабақ тақырыбы: "Ым-ишара арқылы адам ойын қалай білуге болады?"
Адам ақпаратты тек сөздер арқылы ғана емес, ым-ишара, тұрған тұрысы, сырт келбеті, сөйлесу кезіндегі ұстанатын арақашықтығы, яғни, жалпылап айтқанда бейвербалды сигналдар арқылы жеткізеді. Кейбір зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, адам жайлы ақпараттың 80 пайызын бейвербалды белгілерден, 20 пайызын сөздерінен біле аламыз.
Өмірімізде кездесетін адамдардың сөйлеген сөзі көп жағдайда олардың ойлауымен сәйкес келмейтінін білесіз бе? Алдыңызда тұрған адамның сізге жылы «көзқарасы» шынайы ма? Жақыныңыздың «бәрі жақсы» деген жауабының артында уайым бар ма?
Осындай сұрақтарды біз сіздермен бірге талқылаймыз. Қапы қалмаңыз!
Сурет: lissarankin.com