Тамыз айының бірінші жұлдызынан бастап Алматы қаласы, Dostyk Plaza сауда орталығы, Space галереясында суретші «Ван Гогтың» орасан зор мультимедиялық көрмесі шымылдығын ашады. Көрменің аты "Van Gogh Alive", яғни "Ван Гог қайта оралды".
Көрме австралиялық GRANDE EXHIBITIONS компаниясының ықпалдастығымен ойластырылып, дайындалған. Жаңа заманауи технологиялық жабдықтардың көмегімен XIX ғасырдың үздік импрессионист суретшісі Винсент Ван Гог бұл өмірге қайта оралады. Соның арқасында Ван Гог суреттері жұрт назарына басқа форматта ұсынылады. Тап сол сәттен бастап сіздер нидерландық суретшінің ішкі жан дүниесінде не жатқандығын көріп біле аласыздар.
Мультимедиялық көрме Ван Гогтың шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты 3000 динамикалық бейнені қамтиды. Олар: сурет, жұмыс үзіндісі, жеке өзі түскен суреттері. Мұның барлығы галерея қабырғасына орнатылған алып экрандар арқылы көрсетілетін болады. Бұл арнайы көрсетілімге қырыққа жуық көп арналы проектор мен дыбыстау жүйесі жұмыс жасайды. Галерея Еуропаның классикалық музыкасымен жанданады.
Егер Ван Гог көрмесінің тарихына көз жүгіртетін болсақ, онда ол 2007 жылдан бастап Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Америка елдерінде болып өткен. Көрмеге жалпы саны 1,5 миллион адам қатысқан. Қазіргі кезде көрме Санкт-Петербург қаласында өз жалғасын табуда. Ал Алматы қаласында көрме 1 тамыздан бастап, екі ай бойы тұрақтамақ.
Оқи отырыңыз:
Ван Гог
Әлемдегі ең қымбат 10 картина
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.kulturologia.ru