Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Үздік педагог-2016» республикалық конкурсын жариялады.
Конкурс «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына, «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173) сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін құжаттарды үстіміздегі жылдың 1-31 тамыз аралығына дейін тапсыру керек. Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысу үшін ағымдағы жылы тамызда Министрлікке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қосымшаға сәйкес «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін нысан бойынша өтінім;
2) облыстық немесе Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары растаған конкурс қатысушысына берілген ұсыным;
3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) педагог портфолиосы;
6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;
7) электрондық тасымалдағыштағы сабақтар (компакт-дискілерде);
8) эссе;
9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Құжаттар (облыстардың немесе Астана және Алматы қалаларының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді, ұсыным) Республикалық комиссияға мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Педагогикалық қызметтің материалдары оқу тілінде ұсынылады.
Өтінімді мына сілтемеден ала аласыз.
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс
Байланыс телефондар: 8 (7172) 74 22 93, 74 20 46