2017 жылғы 13 ақпан, сағ. 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Конституциялық реформа – қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтеді.
Алдағы қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік шарттарының түбегейлі өзгерістері, біздің Президентіміздің алға қойған міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге арналған елдегі саяси өзгерістерді де талап етеді. Осы тарапта конституциялық ережелерді қоғам мен мемлекеттің үшінші жаңғырту модернизациясын ұйғара отырып енгізудің маңызы зор.
Осыған орай, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында, елдің болашақта дамуына кепіл болатын және бес институционалдық реформаларға сай болатын конституциялық реформалар жобасын қоғамдық талқылау жасауды ұсынды.
Президент атап өткендей: «Бұл реформа, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ұсынылған реформаның мәні – билік өкілеттілігінің қайта бөлінуінде, саяси жүйенің толықтай демократиялануында».
Ұсынылған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, дөңгелек үстелге жиналған қоғам және саяси қайраткерлер, белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері конституциялық реформаны талқылау барысында Қазақстан Республикасын әлемде дамыған елдердің қатарына қосылуына негізделген өз ұсыныстарын ортаға салады.
Дөңгелек үстелге «Тұран» университетінің ректоры, ҚР ЖОО Қауымдастығының президенті Р.А.Алшанов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты К.І.Матыжанов, «Атакент» ІЫҚО АҚ Президенті - Басқарма төрағасы, Алматы қаласының мәслихатының депутаты С.Х.Абдуллаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Х.М.Әбжанов, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор О.Сәбден, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры А.І.Бөрібаев және т.б. қатысады.