Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет Наурыз мерекесі мен Астана күніне орай демалыс күндерін ауыстырды
Фото: http://spectr.com.kz/

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.

Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. 

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

kaz.caravan.kz

М. Оңғарова